Қытайлар айдың артынан түсірілген алғашқы суретті жіберді - на tech.bugin.kz
Нұрбақыт Жұлдызбайұлы - на tech.bugin.kz Нұрбақыт Жұлдызбайұлы

Қытайдың ғарыштық спутнигі айдың арғы бетіне сәтті қонды

Адамзат тарихында алғаш рет айдың арғы бетіне ғарыш кемесін қондыру жүзеге асты.

3 қаңтар сағат 10:26-да "№ 4 чаны" спутник адам тарихында алғаш рет айдың жақын суретін түсіріп жіберді.

Осыған дейін Қытай 2013 жылы да Айға сәтті қонған еді. Екінші рет қытайлық детектор айға тағы бір мәрте қонды. Осылайша, Қытай әлемдегі айдың алдыңғы және артқы бетіндегі детектордың жұмсақ қонысын сәтті аяқтаған, сонымен қатар ай мен жер арасындағы релелік байланыстарды жүзеге асыратын алғашқы мемлекеттердің бірі болды. 

Қытайдың басты зерттеу мақсаттары: Айдың арғы бетіне төмен жиілікте радио толқындарын таратып, астрономиялық бақылау және зерттеу жүргізу. Айдың арғы бетіндегі шарлау аумағының пішін-келбетін, минералдық құрамын және айдың бетінің қабаттық құрылымын зерттеу болып табылады.

0 Пікір Кіру