Енді көзіңіздің көру қабілетін үйде отырып тексере аласыз  - на tech.bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на tech.bugin.kz Салтанат Шынәділ

Технология әлеміндегі соңғы жаңалықтар

Лас-Вегас қаласында өткен халықаралық экономика көрмесінің (CES) ең үлкен жаңалығы – осы.

Кремний даласы смартфонға арналған көздің көру қабілетін үйде отырып тексере алатын аксессуар ойлап тапқан.Vision Check гаджетінің көмегімен жасалатын Eye Que нәтижесі сізге қандай көзілдіріктің қажет екенін анықтап береді.

Алайда АҚШ-та линза арнайы тексеруден өткен соң ұсынылатындықтан бұл гаджеттің әзірге ауқымы шектеулі болып тұр. 

Айта кетейік, Кремний даласы (Siliсon valley) Сан-Франциско штатының оңтүстік, Калифорния штатаның солтүстік тоғысқан жерінде орналасқан. Жоғары технологиямен жарақтанған, компьютер жасау мен шығару, әсіресе, микропроцессор шығарудан, программалар ойлап табудан жоғары деңгейге көтерілген аймақ. Биотехнология саласында да өнімді еңбек етіп келе жатқан бұл өңір медианың да отаны саналады. АҚШ-тың өзге қалаларында техника, технология жасау ісі қарқынды жүріп жатқанмен, Кремний даласы әзірге алдына қара салмай келеді.

0 Пікір Кіру