ХХІ ғасырдың ғаламаты - на tech.bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на tech.bugin.kz Салтанат Шынәділ

Технология саласындағы адамзат баласының жетістігі

Ешқашан жалғыз болмайтын келешекті елестетіп көріңізші. Тіпті, жұбайыңыз іскерлік сапарда болғанда немесе балалар жазғы лагерге жол тартқанда, әрдайым сөйлесетін біреу (немесе бір нәрсе) болады деп ойлап көріңіз. Мысалы, таңертең микротолқынды пешке тамақты жылытуға пәрмен бере аласыз. Көлігіңізден 1990 жылдардың әуенін қоюын сұрауыңызға болады. Кеңсеге кіргенде смартфонға: «Менің күнтізбемде бүгін не бар?»-деп жұмыс жоспарыңызды егжей-тегжейлі біле аласыз. Ғажабы, бұл – ертегі емес. Бұл – заманауи технологиялардың дауыстық хабарламаларға жауап бере алатын қабілеті пайда болады деген сөз.

Келешекте жасалатын дүниелер келесі аптада Лас-Вегастағы халықаралық электроника көрмесінде таныстырылатын болады. Жасанды интеллект ең маңызды технологиялық тақырып болуы мүмкін. Ал өндіруші үлкен және кіші компаниялар робот шаңсорғыштары, дабыл сағаттары, тоңазытқыштар және автомобиль керек-жарақтары сияқты құрылғыларға дыбыстық басқару құралдарын қосуы мүмкін. Осы өнімдердің көпшілігі ең танымал жасанды интеллектуалдық ассистенттер Amazon және Google Assistant-та жұмыс істейтін болады.

«Жасанды интеллект бүкіл көрмеге енеді», - деді халықаралық электроника көрмесіне (CES) тиесілі тұтыну технологиялары қауымдастығының атқарушы директоры Гари Шапиро.

Осы жылы көрмеден не күтілетінін түсіну үшін өткен жылы Eero Plus-ты шығарған Wi-Fi жабдықтарын жасаушы Eero компаниясының жетістігі туралы айтып өтейік. Аталмыш компанияның төл өнімі Eero Plus өз Wi-Fi желісіне қосылған барлық құрылғыларды вирустар мен зиянды бағдарламалардан қорғайды. Сондай-ақ компания өткен жылы NetGear-ға ұқсас NetGear Armor қауіпсіздік қызметін шығарған болатын. Биылғы жылы көрмеде осы компания ұсынған қызметтен жоғары қызметті Scalys желілік компаниясы ұсынады деп күтілуде. Атап айтсақ, бұл компания TrustBox-ті интеграцияланған қауіпсіздік қызметі бар маршрутизаторды енгізуді жоспарлап отыр.


2 Пікір Кіру