Илон Масктың Марсқа дейінгі мәселесі – сотпен күресу  - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

АҚШ-тың құнды құжаттармен айналысатын комиссиясы (SEC) сотқа жүгінді

АҚШ-тың құнды құжаттармен айналысатын (SEC) комиссиясы Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маскты акциялар бойынша алаяқтықпен айналысты деп айыптап қана қоймай, сотқа берді.


Илон Масктың басына қара бұлтты үйіріп берген өзі. Ол twitter месенджерінде Tesla акциясын толық сатып алатынын, әр құнды қағазды 420 доллардан алып  компанияны толық жекешелендіретіні туралы жазған болатын. Жазба жарқ ете салған сәттен бастап Tesla акциялары күрт өсіп, әр құнды қағазына – 380 долларға дейін көтерілді. Бұл дегеніміз компания акциялары 13 %-ға жетті.




Илон Маск неге ойланып қалды?

Бірнеше күн өткеннен кейін кәсіпкер бұл райынан бас тартты. Оған себеп инвесторлардың көңілін қалдырмауға тырысыпты-мыс. Ал SEC-тің айтып отырғаны, Илон Маск твиттегі жазбасы арқылы инвесторларды адастырып жіберген.

SEC басшыларының бірі Стефани Авакиан былай дейді: «Танымалдығына, технология саласында жасаған үлкен жетістігіне қарамастан орындаушы тарап құнды қағаздар алдында бірдей дәрежеде қарастырылады».




Енді не болады?

Егерде Илон Маск сот шешімі бойынша жеңіліп қалатын болса, Tesla көзінен бұлбұл ұшады. Тіпті маңына да жолай алмайтын болады. Себебі оны директорлар кеңесінің мүшесінен шығарып жібереді.


Сотталушы не дейді?

«Мен SEC-тің мені бұлай қаралап отырғанына ренжідім және ашулымын. Мен әрдайым инвесторлар үшін ашық жұмыс жасадым. Адалдық – менің өмірлік және басты ұстанымым. Ал анық дерек бойынша мен оларды ешқандай қауіпті жағдайға қалдырған жоқпын».


Түйін

Сот шешімін күтеміз.

0 Пікір Кіру