Марғұлан Ақан

Кем дегенде 3 күн күтесіз

Әлеуметтік желінің пайдасын да зиянын да көріп жатқан қоғамда, біреулер парақшасын өшіріп тастап жатса, біреулер қайта қосылып жатыр. Ал Facebook әлеуметтік желісінен кеткіңіз келсе, парақшаңызды өшіруге асықпаңыз.

 

Жеке ақпараттар сақтайтын жерде сіздің суреттер мен чат тарихыңыз ғана емес, IP мекен-жайыңыз, сонымен қатар, адамның түріне қарап анықтайтын технологиялар арқылы жасалған түрлі тізімдер бар. Бұлардың бәрінен құтылу үшін не істеу керек?

 

Facebook-тегі парақшаңызға кіріп, ондағы архивті көшіріп алу үшін «Өңдеу» бөліміне кіріп, «Facebook-тегі барлық ақпаратты көшіріп алу» батырмасын басыңыз.

 

Осыдан кейін барып «өшіру» батырмасын басыңыз және қайта логинді теріп кіруге ұмтылмаңыз. Себебі желі автоматты түрде сіздің аккаунтты өшіруге жұмыс жасайтындықтан, қайта кіргеннен кейін өшіре алмайсыз. Бұл кем дегенде 3 күн уақыт алады. Осы 3 күн ішінде сіздің парақшаңыз белсенді түрде күшін жояды.

 

Ескеру керек, Facebook басқа да бағдарламалар арқылы ақпарат базасын қалыптастырған. Мәселен WhatsApp және Instagram желісіндегі Facebook-ке байланған аккаунттардан да арылуға тура келеді.

0 Пікір Кіру