Қалтадағы "радио" - на tech.bugin.kz
Асмира Ермекқызы - на tech.bugin.kz Асмира Ермекқызы

Радиоқабылдағыштың тарихы қандай?

"Гаджет" деп біз арнайы әрі шектеулі тапсырмалар орындайтын және кішігірім өлшемдермен ерекшеленетін құрылғы бұйымды атаймыз. Гаджет ағылшын тілінен аударғанда "құрылғы" деген мағынаны береді. Және кез келген гаджеттің мақсаты өмір сүруді жеңілдету.


Гаджеттер тек XXI ғасырда пайда болды десеңіз, қателесесіз. Мәселен, мына фотосуреттен не көріп тұрсыз? Ия, бұл ең алғашқы ықшамды, адамдардың қолданысына ыңғайластырылып жасалған радиоқабылдағыш. Технологияның бұл жетістігін өмірге әкелген америкалық Texas Instruments және IDEA компаниялары еді. 

1954 жылдан бастап қолданысқа берілген гаджеттің сол кездегі құны 50 доллар болған. Дегенмен, Regency TR-1 радиоқабылдағышының сатылымдағы өмірі сәтсіз болды. Сол кезеңде небәрі 100 мыңнан сәл ғана асқан данасы сатылған екен. Осылай, компанияның мол табысқа кенелемін деген жоспары құрдымға кетті. Алайда, мұнымен компания өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Халықтың тарапынан айтылған түрлі жағымсыз пікірлерге қарамастан өз жұмысын жалғастыра берді. Және тағы да бір әлемдік жаңалық ашты. Дәл осы үлгінің жаңартылған түрін нарыққа шығарды. Миллиондап сатылған бұл тауардың алдыңғысынан бірнеше артықшылықтары бар еді. Ең бастысы дыбысы жағынан анағұрлым сапалы болды. 

Regency TR-1 транзистірлі радиоқабылдағышы тек мол пайда тауып қана қойған жоқ. Тарихта қалды. Технологиялар тарихында "бұрын соңды мұндай ықшамды радиоқабылдағыш болмаған..." деген тіркестермен қалған еді.

1 Пікір Кіру
  • Салтанат Шынәділ 23 Қаңтар, 2019

    1) Дұрысы - "...радиоқабылдағыштың тарихы қандай?" 2) Пунктуациялық қателер мақаланың "сиқын" бұзып тұр 3) Шіркін, осындай қызықты мақалаларды бар қазақ оқыса