Microsoft корпорациясының соқыр балаларға жасаған тартуы қандай мүмкіндіктерге жол ашты? - на tech.bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на tech.bugin.kz Салтанат Шынәділ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген мүмкіндік

Microsoft корпорациясы көру қабілеті нашар балаларға арнап программалау тілін әзірледі. Енді көзі жақсы көрмейтін барлық адамдар үшін кодтау қол жетімді болмақ. Программалау тілін жүзеге асыратын бағдарлама Code Jumper деп аталады. Оның құрамында бірқатар модульдер, сондай-ақ олардың әрқайсысында командалардың жиынын білдіретін кодтардың сызығы бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам, мемлекет тарапынан жәрдем көрсетілгені дұрыс-ақ. Бірақ, қай дәуірде, қайсыбір ортада болмасын адамзат баласы өзін қажет тұлға рөлінде сезінгісі келеді. Бұл нәрсе әуел бастан адамның болмысына салынған код іспеттес. Тың бастамаға мұрындық болғанMicrosoft компаниясы мүмкіндігі шектеулі жандарға үміт сыйлап, сол үддеден шыға білді. 

Жобаны басқаратын әйел – аталмыш компанияның Кембридж зерттеу орталығының компьютер маманы Сесили Моррисон. Ол: «Балаларға өз әлемін мәнді сезіну үшін бір нәрсе қажет екенін ұғындық»,-дейді. Сондай-ақ музыка оның бір бөлігі болып саналады. Әр модуль арнайы нота ойнайтындай етіп программаланған. Ал жас программистер олардың ретін қалауынша қоя алады. «Онда циферблаттар бар. Ол арқылы программаның дыбысы пен уақытын өзгертуге болады»,-деді Сесили Моррисон. Программалаудың жеңіл түрін меңгерген программист әрі қарай күрделі түріне көше алады.

4 жылдық тәжірибеден соң Code Jumper бүгінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Индия сынды елдердің мектептеріне жол тартпақ. Алдағы бес жылда барлық мемлекеттерге пайдалануға беруді жоспарлап отыр.


0 Пікір Кіру