Сатылым көшбасшысы - на tech.bugin.kz
Ақбота Абайқызы - на tech.bugin.kz Ақбота Абайқызы

Гиннесстің рекордтар кітабына сәйкес

Гиннесстің рекордтар кітабына сәйкес, Commodore 64 компьютер арасында сатылым  көшбасшысы болды.

Commodore 64- жедел жады бар 64 ГБ-ты  үй компьютері. 1982 жылы тамызда Commodore International компаниясы нарыққа 595 доллар мен шығарған болатын. Commodore 64 (1982-1994) уақыт аралығында 15 млн-нан астам данасы сатылды. Гиннесстің рекордтар кітабына сәйкес, Commodore 64 компьютер арасында сатылым  көшбасшысы болды.

Тек қана авторизацияланған дилерлер арқылы таратылған Commodore 64- тің басқа компьютерлерден айырмашылығы – ірі дүкендермен қоса, ойыншық дүкендерін де сатылуы. C64 тікелей теледидарға қосылып, Atari 2600 сияқты ойын консольдерімен бірдей мәнерде ойнауға болады. Commodore 64 пайда болуы мен оның бағалық көрсеткіштері, нарықтан ойын конселдерін ығыстырып тастады.

Commodore 64 үшін 10 мыңға жуық түрлі бағдарламалар құрылды, оның ішінде әзірлеу құралдары, офистік қосымшалар мен ойындар.

Биылғы жылы көп елдерде  Commodore 64 классикалық компьютерінің репликасы сатылымға шықты. Ол 64 Mini деп аталады және шамамен 80 долларға бағаланды. Бұл компьютер  64 алдын ала орнатылған ойындармен ерекшеленеді және ол сыртқы пернетақтаны орнатуды талап етеді. Жаңа шығарылым түпнұсқа компьютердің толық масштабты көшірмесі болуы керек. Оны Retro Games компаниясы әзірлейді, шығарылым 2019 жылы жоспарланып отыр.


0 Пікір Кіру