Алғашқы ұялы телефон  - на tech.bugin.kz
Балерке - на tech.bugin.kz Балерке

Әлемдегі ең алғашқы ұялы телефон

Motorola DynaTAC 8000X – әлемдегі ең алғашқы ұялы телефон. Дәл осы телефонмен 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының қызметкері Мартин Купер «Bell Laboratories» зерттеу орталығының басшысы Джоэл Энгелге хабарласады. Осы қоңыраудан кейін Мартин Купердің есімі тарихта қалды. Себебі ол сол кезде ұялы телефон арқылы сөйлескен алғашқы адам еді. 

Бұл құрылғының бастапқы салмағы 15 келідей болды, соған қарамастан, оның танымалдығы күн санап өсе түсті. Motorola компаниясының инженері Мартин Купер енді адамдардың өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы болатын ұялы телефон жасап шығаруды қолға алады. Бұл идея үшін Купер өзінің 15 жыл уақытын жұмсады және оған 100 миллион доллар қаражат кетті. Дегенмен қазіргі заманауи телефон прототипінің пайда болуы тек Купердің қажырлы еңбегінің арқасы емес. Сонымен қатар компанияның басқа да инженерлері құрылғыны жетілдіруге көп күш жұмсаған. 

      Motorola DynaTAC 8000X телефоны қазіргі ұялы телефондармен салыстырғанда өте үлкен болды. Сол кезде телефонның қуаты 30 минут сөйлесуге ғана жететін, оған қоса оны қуаттау үшін 10 сағат уақыт қажет еді. 1983 жылға дейін Motorola DynaTAC 8000X ұялы телефонның тек 5 данасы ғана шығады. Ал 1983 жылы бұл құрылғының  жаңа моделі жарық көрді, оның салмағы 850 грамм болды және құны 3995 доллар тұрды. 1984 жылы АҚШ-та оны сатылымға шығарған кезде ол өте қымбат болыпты.  Соған қарамастан  бір жылдың ішінде осындай ұялы телефонның 12 мың данасы сатылған екен. 


0 Пікір Кіру