Автожауап туралы не білеміз? - на tech.bugin.kz
Гүлсезім Әбдіжәлел - на tech.bugin.kz Гүлсезім Әбдіжәлел

Автожауапбергіш

Қоғам дамуының қозғаушы күші – адам. Көш ілгері жылжыған сайын ақпараттық құралдар мен байланыс құралдары арту үстінде. Иә, секунд сайын сан мыңдаған ақпараттар легі бізге толастамай келіп жатыр. Жылдамдықты талап ететін мына заманда уақытымызды үнемдеуге көмек беретін қаншама теxникалар шығып жатыр және олардың барлығы адамзатқа қызмет етеді. Осындай құрылғылардың тізімін моншаққа тізгендей етіп айтсақ өте көп. Солардың бірі – автожауап.

Автожауап — компьютер желілеріндегі келіп түскен шакыруларға модемнің (оны тұтынушы адамның бар болуына қарамастан) автоматты түрде жауап беруі. Автожауап - қазіргі таңда қажет дүниелердің бірі. Қарбаласқа толы өмірде шұғыл ақпаратты тұлғаның болу немесе болмауына қарамастан xабарлама етіп қалдыра бересіз. Радиотелефонға да үй телефонына да автожауап қоюға болады.
Автожауап беру құрылғысының прототипі 1886 жылы жасалған. Автожауапбергіштің туған күнін 1904 жылы деп санауға болады. Ол бірінші жазылған телефондық жауап беру құралы және қазіргі кездегі жеке жауап беру машиналарының прототипі болып саналады. Осыдан кейін, целлюлозды кинофильмдерді жазу технологиясын, металл сымдарды немесе магниттік таспаларды қолданып, әртүрлі жауап беру машиналарының конструкциялары пайда болды, бірақ олардың барлығы дизайны бір-бірінен ерекшеленді.
Жауап беру машиналарын жобалаудағы түбегейлі өзгеріс ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында пайда болды.Олар Philips шығарған ықшам таспалы кассеталарды қолдануға кірісті. Осы сәттен бастап, жауап беру машиналары тек магнитофондар мен дыбыс жазу құрылғылары үшін арнайы құрылғылар немесе қосымшалар түрінде ғана емес, сонымен бірге тікелей телефондық құрылғыларға біріктірілген.  Әдетте, жауап беру құрылғысы ұялы телефонға салынбайды, бірақ ұялы байланыс операторлары әдетте өздерінің абоненттеріне «жауап беру машинасы» қызметін ұсынады. Ұялы жауап беру машинасы абоненттің ұялы телефонында емес, ұялы байланыс операторының коммутациялық жабдығында орналасқан.
Автожауапбергіш қызметін іске қосу үшін абонент өз телефонынан (ұялы) арнайы нөмірге қоңырау шалу керек, абонент бірдей қоңырауда сәлемдесуді жасай алады.  Үй телефонына, қалта телефонға қондыруға ықшам етіп жасалған автожауар бізге пайдасын тигізбесе, зиян жағын көргеніміз жоқ. Жалпы, жаңа теxнологиялардан адамзат  пайдалы дүниелерді ғана алар болса, көп жамандықтың беті бізден әрі боларына сенімім мол. 


0 Пікір Кіру