Дрондар жайлы не білесіз? - на tech.bugin.kz
Чамеш Нұрай - на tech.bugin.kz Чамеш Нұрай

Дрондардың тарихы 1849 жылы басталған

Австрия әскері Венециядаға көтерілісті басу үшін ұшқышсыз аэростаттар арқылы зеңбіректер лақтырған. 

Бүгінгі таңда  пультпен немесе компьютер арқылы қашықтықтан басқарылатын ұшу аппараттарын "дрон" деп атап жүрміз. Дегенмен, "дрон" термині бастапқыда әзіл лақап ат ретінде пайда болды және бұл терминнің толыққанды ғылыми түсінігі болған жоқ. Өткен ғасырда "дрон" деп ара ұяларын еске түсіретін авиациялық техника қозғалтқыштарының ерекше шуын атады. Қазір бұл термин кәсіби ортада "ұшқышсыз ұшу аппараты" немесе "ұшқышсыз" (орыс тілінде «беспилотник») ұғымдарымен танымал.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарығың қазіргі заманғы модельдері әртүрлі. Олар ең алдымен қолданылу аясымен ерекшеленеді. Мысалы, коммерциялық дрондар (азаматтық деп те аталады). Бұл ұшу аппараттары қоғамға пайдалы функцияларды орындайды - жүктерді тасымалдайды, алқаптардыы тыңайтады, ғимараттардың құрылысына, ғылыми зерттеулерге және т.б. көмектеседі. Дрондартың келесі бір тобы қызығушылық мақсатта қолданылатын дрондар. Бұл категориядағы дрондартың көмегімен түрлі қызықты видеолар түсіруге, табиғат құбылыстарын жоғарыдан бақылауға және тәжірибелер жүргізуге болады. Үшінші ірі топты әскери жауынгерлік бағытта қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттарды қамтиды. Олар аса күрделі конструкциясымен сипатталады және көп функцияларды орындауға қабілетті. Әскери модельдегі бұл аппараттар ішкі құрылымының күрделілігімен де ерекшеленеді.

2014 жылы АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы дрондарды категориялар бойынша бөлді. Әрбір категория ұшқышсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігінде бағындыра алатын биіктігіне қарай жіктелген. Мәселен, G сыныбы 360 метрге дейін биіктікке көтерілуге қабілетті аппараттарды қамтиды. В, С, D сыныптарына 3000 метрге дейінгі биіктікте ұшатын дрондар жатады. А сыныбын жердің үстінен 5400-ден 18 000 метрге дейінгі биіктікті бағындырған ұшқышсыз ұшу аппараттары қамтыды.

0 Пікір Кіру