«Canon» есептеуіш құралдар жасаумен де айналысқан - на tech.bugin.kz
Гульшат Сайлауханқызы - на tech.bugin.kz Гульшат Сайлауханқызы

Алғаш «Canon» сөзін естігенде көз алдымызға соңғы модельдегі және жоғары сапалы фотоаппараттар елестейді. Ал осы девайс өз бастауын қарапайым есептеуіш құралдан (калькулятордан) алды дегенге сенесіз бе? Алғашқы үлгісін 1967 жылы «Cal Tech» деген атаумен Texas Instruments компаниясы жарыққа шығарған болатын. Кейіннен 1970 жылы қайта өңделіп, Canon Pocketronic есептеуіш құралы болып қайта шықты және осы жолы зор табыстарға жетті

Тіптен қазіргі таңдағы нарықта қолданылып жүрген кассалық аппараттар мен гаджеттер, смартфондар да Canon Pocketronic есептеуішінен басталады деп айтуға болады. Бар жоғы төрт қана амалды орындай алатын және салмағы 10 келіден артық есептеуіш құрал сатылым саны бойынша алдыңғы қатарлардан орын тепкен. 

Бүгінде әрбір оқушының қалтасында жеңіл әрі бағасы жағынан тиімді есептеуіш құралдары бар, ал Pocketronic қолдануға тиімсіз екендігіне қарамастан сол кездің көрсеткіші бойынша 345 долларға (қазіргі доллар бағамы бойынша 2165 доллар) сатылған. Оның үстіне ұзындығы 15 см, ал қалыңдығы 4.5 см жеткен. Әрине, Canon Pocketronic сынды есептеуіш құралдың тиімсіз екендігі бүгінгі күні дау тудырмайды, дегенмен сол уақыттың көрсеткіші бойынша көптеген есептеу жұмыстарын жеңілдеткені жасырын емес. 

Сонымен, аталмыш құрал қалай жұмыс атқарған? 

Жұмыс үшін құралға он үш батарея қажет болды. Қосу, азайту, бөлу және көбейту амалдарын орындауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелерді термоқағазға басып шағаратын. Pocketronic есептеуіштері шығарылғаннан кейін электрондық схемалар көп мөлшерлерде азая бастады. Сәйкесінше, бағасы да жылдам төмендеді. Бес жыл ішінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырап 20 доллардан сатыла бастады. 

«Canon» девайстары әрқашанда сұранысқа ие. Бүгінде қоғам дамуына байланысты соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, сандық сапалы фотоаппараттар шығарады, ал өткен ғасырдың 70-ші жылдары да алдыңғы қатарлы есептеуіш құралдарын шығаратын алып компания болды деуге сену қиын. 

 


0 Пікір Кіру