Алғаш пайда болған Apple IBook  туралы не білесіз?  - на tech.bugin.kz
Аяжан Қайратқызы - на tech.bugin.kz Аяжан Қайратқызы

Apple Ibook ноутбугы

Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбейтін қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалудың қажеті жоқ. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбейтін қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Ал біз осындай жаңа технологиялардың мен құрылғылардың шығу тарихын және қалай пайда болғандығын біле бермейміз. Ендеше ең алғаш пайда болған сымсыз қосылымды ноутбук Apple IBook туралы бірнеше мәліметтерге көз жүгіртсек.

Қазіргі таңда заман қарқынды дамыған сайын түрлі-түсті Apple IBook сәннен қалып бара жатқанымен, сымсыз қосылымды ұсынған ең алғашқы ноутбук болып табылады. Бірінші болып әлемді таң қалдырған бұл құрылғы сол заманғы бизнес-сегменттің көзі болып саналды.  

iBook (Aibuk) - 1999 жылдан бері шығарылған PowerPC процессорларына негізделген және 2006 жылы MacBook x 86-мен алмастырылған Apple ноутбук компьютерлерінің жиынтығы. IBook технологиялық құрылғысының үш түрлі дизайны болған. Бірінші, Clamshell деп аталатын, сол уақытта танымал Apple iMac желісінің дизайны бойынша жасалған. Оның ең басты ерекшеліктері пішінінің дөңгелек тәріздес болуында және көзге бірден түсіп, қызықтырып тұратын түрлі-түсті болуында. Екі жылдан кейін төртбұрыш, қарапайым дизайнда жасалған екінші құрылғы пайда болды. 2003 жылдың қазан айында PowerPCG4 чипі, USB 2.0 және жүктеу дискісін қосқан үшінші буын жарыққа шықты.


1999 жылдың 21 шілдесінде Стив Джобс Нью-Йорктегі Macworld Expo конференциясында алғаш рет iBook G3-ді таныстырды. IBook G3-дің ерекшеліктерінің бірі дәстүрлі сыртқы дизайныболды. Оның дөңгелек бұрыштары, шамадан тыс мөлшері, резеңке төсемі және жарқын түстері арқасында Apple ұсынысы соншалықты танымал бола бастап, халықтың қызығушылығын оятты. Компьютер оқушыларға, студенттерге және жеке пайдаланушыларға арналған талғампаз, арзан құрал ретінде ұсынылды. IBook бастапқыда екі түсті: сары және көк түрінде жасалған ерекшеинновациялық дизайны болды, сонымен қатар жоғары техникалық сипаттамалары да ұсынылған. Осылайша, компания дағдарыс жағдайынан шығып, нарықтағы өз орнын нығайтуға тырысты. АҚШ-тағы құрылғының бастапқы бағасы 1,599 АҚШ долларын құрады, ол Apple PowerBook моделіне қарағанда 900 долларға арзан болғанымен, өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленіп отырды. Өзінің танымалдылығына қарамастан, iBook G3 бұл әлем үшін қысқа ғана уақыт өмір сүрді. Ал 2001 жылдың бірінші мамырында ол тоқтатылғаннан кейін келесі ұрпақ iBook G3-ті ауыстырды. Оның төртбұрышты нысаны мен ақ поликарбонатты денесі және жаңартылған қызметтері болды. 





PowerPC G4 процессорына негізделген iBook моделі Apple ноутбук топтамасында 2003 жылдың 23 қазанында пайда болды. Екі жыл бұрын шығарылған iBook үлгісімен салыстырғанда ағымдағы iBook G4-де кейбір өзгерістерді көруге болады. Біріншіден, сырты ақ поликарбонат пластиктен жасалған. Екіншіден, ноутбукты ашсаңыз, ондағы керемет дизайны таң қалдырады. Пернетақтасы өте ыңғайлы полиэтиленді, пластмасқа ұқсас. Үшінші ерекшелігі оның оптикалық дискісі болды.

IBook G4 1.42 ГГц дейін жұмыс істейтін PowerPCG4 процессоры арқасында күнделікті өміріңізгеикемді ұтқырлықты ұсынады; DVD дискілерінжазуға болатын SuperDrive дискісі; 1,5 Гб дейінгі жад; және орнатылған сымсыз мүмкіндіктер. IBookG4-де Apple-дің iLife '05 толық пакеті бар, бұл фильмдерді өңдеуге, фотоальбомдарды жасауға, өзіңіздің әндеріңізді жазуға мүмкіндік береді. 

0 Пікір Кіру