Apple iPad компьютердің орнын баса алды ма? - на tech.bugin.kz
Бахтияр Жамиля - на tech.bugin.kz Бахтияр Жамиля

Apple компаниясының тың жаңа құрылғысы басты мақсатына жете алды ма?


Осыдан тоғыз жыл бұрын жарыққа шығып, сатылымның бірінші күнінде 300 000 данасы сатылған iPad планшетінің біз білмейтін құпиясы көп. Apple компаниясының тың жаңа құрылғысы басты мақсатына жете алды ма?

Планшеттік компьютерлерді жасау идеясы жиырмасыншы ғасырдың соңында пайда болғаны жайлы білетіндер аз. ТіптіiPad жобасы бүгінгі күні әлем бойынша бір миллиард данасы сатылғанiPhone-нан бұрын пайда болған. Десек те, компьютердің орнын басуды мақсат еткенiPad араға  отыз жыл салып  жарыққа шықты. iPad - ты әлемдегі ең бірінші планшет деуге әсте болмайды. Себебі 2010 – шы жылға дейін басқа да планшеттер кеңінен пайдаланылып жүрді. Мысалы Билл Гейтс 2002 жылыWindows XP Tablet PC Editionқұрылғысын ұсынды. Бірақ аталмыш планшеттердің барлығы адамдарға жұмыс бабымен ғана пайдалануға ыңғайлы болды.  Ал Apple компаниясының мақсаты – адамдарға барлық жағынан ыңғайлы құрылғы ұсыну. iPad – тың артықшылығы да сонда: кино көруге де, ойын ойнауға да, іскерлік мақсатта да пайдалануға болады. Осыдан болар алғашқы 80 күнде iPad – тың  үш миллион данасы сатылып үлгерді.

Бүгінгі күні аталмыш құрылғы әлемнің барлық бөлігінде кеңінен пайдаланылып келеді. Fortuneтізіміндегі компаниялардың 99 %iPad құрылғысын падаланады екен. Ал  Швециядағы үкіметтік мекемелерде
100 000 – ға жуық iPad-тар бар. Custora мәліметіне сүйенетін болсақ, әлемдегі онлайн сатылымдардың 80 %iPad арқылы жүзеге асады. Бұл мәліметтердің барлығы планшеттің қолайлы екенін дәлелдеп тұр. Алайда планшет компьютердің орнын басты деп те айта алмаймыз.  Осыдан бірнеше жыл бұрын атақты журналист Антонио Виллас-Боа зерттеу жүргізген болатын. Ол пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізіп,
“iPad компьютердің орнын баса алды ма?” деген сұраққа жауап іздеді. Зерттеу нәтижесінде iPad кішігірім компьютердің орнын басса да, барлық компьютерлерді алмастыра алмайды деген қорытынды жасалды.


0 Пікір Кіру