Facebook, Instagram және  Whatsapp желілері бірігеді - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Бұл туралы Цукерберг мәлімдеді

New York Times хабарлағандай,  әлемдегі ең бай адамдардың бірі және ең үлкен аудиторияны ұстап отырған Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг үш бірдей желіні біріктіріп тастауды ұсынған.


Компания Facebook, Instagram және  Whatsapp әлеуметтік желілері мен месенджерлерді біріктіріп тастауды көздеп отыр. Алайда, дәл қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес. Себебі үш бірдей құрылым үш түрлі бағытта жұмыс жасап жатыр. Айта кету керек, үшеуі де Facebook inc-ке қарайды.

Алдағы уақытта аталған үш құрылым бөлек жұмыс жасайды, бірақ олардың базасы ортақ болады.

Тағы бір жаңалық, Facebook 2020 жылға қарай өзгеруі мүмкін.

0 Пікір Кіру