Сіз білмейтін ғаламат технологиялар - на tech.bugin.kz
Көгершін Тілегенқызы - на tech.bugin.kz Көгершін Тілегенқызы

Әлем секунд сайын дамып, адам баласының қиялында жоқ дүниелер іске асуда. Технологиялар көбейген сайын, адамзаттың өмір сүруі де жеңілдеп, технологияның бәсекелестігі артуда. Ендеше, болашақта баршамыздың қолданысымызға енетін немесе басқа елдерде іске асып жатқан жаңа технологиялармен таныса отырайық

 1.Google Glass

 www.primeinspiration.com -тан алынды

Android базасындағы смартфоныңызға арналған гарнитур. Бұл көзілдірік арқылы сіз жоғары сападағы видео түсіре аласыз. Оны бар болғаны көзіңізге тақсаңыз жеткілікті. Google өнімі 2014 жылдан бастап, сатылымға енген болатын. Әлемде кеңірек қолданылмауының басты себебі, өнім құны 1500 АҚШ долларына тең.

2."Bio Robot Refrigerator"

 pinterest.com-нан алынды

"Bio Robot Refrigerator" атты Ресейлік дизайнердің ұсынған тоңазытқышы. Бір қызығы оның ешқандай есігі жоқ. Тамақты тоңазытқыштың ішінде орналастырылған гельге қояды. Соның көмегімен күнделікті біз қолданып жүрген тоңазытқыштың қызметін атқарады екен.

3. Өзін-өзі басқаратын автокөліктер

www.primeinspiration.com-нан алынды.

2020 жылға қарай 10 миллионға жуық адамның басқаруынсыз жүретін автокөліктер пайда болады. Бұл арқылы адамдар арасындағы көлік апаттары мен өлім саны азаятын болады деп болжануда. Қазіргі уақытта бұл автокөліктер қолданысқа енгізілуде.

4. Спрей-киім

pinterest.com-нан алынды.

Манел Торрес есімді испандық дизайнер әлемде алғаш болып, спрейлі киім жасап шығарды. Спрейді денеңіздің кез-келген жеріне жағып, оны шешіп тастауыңызға және жуып, кейін қайтадан киюіңізге болады.

5. Мәліметтерді шексіздікте сақтайын5D диск

www.primeinspiration.com-тен алынды.

Зерттеушілер 360 тербайт мәліметтерін сақтайтын және 1000 градус температураның өзіне шыдам беретін теңдесіз диск жасап шығарған.

6. Қағаз орамаға айналатын телевизор

www.primeinspiration.com-тен алынды.

LG компанияс қағаз орамасы сияқты телевизордың прототипін жасап шығарған. Телевизордың нақты осы түрін басқа компаниялар жасап көруде

7. 100 пайыздық көру мүмкіндігін сыйлайтын линза

www.primeinspiration.com-тен алынды.

8. Канадалық дәрігер клиникалық сынақтама жүргізу арқылы «бионикалық линза»-ны жасап шығар. Линзаның көмегімен 100 пайыздық көруді 3 есеге жақсартады және оған 8 минуттық операция жеткілікті дейді.

0 Пікір Кіру