Марғұлан Ақан

Марс планетасы – екінші үйіміз

Ғалымдар бастаған топ пен Илон Маск білек сыбанып кіріскен жобаның мақсаты – Марс планетасы. Планетаның жерге ұқсастығы өте көп. Жерден 53 пайызға кіші көрінгенімен, айдан екі есеге үлкен планетаның «екінші Жер» атануына 8 себеп бар.

 

Марста да төрт мезгіл бар

Жердегі секілді Марс планетасында да төрт мезгіл бар. Алайда жердегі мезгілдер секілді әр табиғи құбылыс үш айға бөлінбейді, мұнда планетаның айналу үрдісі байланысты.

Марстағы бір жыл 668,59 солаға тең (марстық жыл санау бірлігі). Жердегімен салыстырғанда 687 тәулікке тең. Яғни Марстағы 1 жыл Жердегі екі жылмен тең.

Солтүстік жарты шардағы Қызыл планетаның көктем уақыты 7 айға дейін созылса, жаз – 6 ай, күз – 5,3 ай, ал қыс – 4 айдан асады.

 

Поляр шұғыласы бар

Жердегі секілді Марста да «поляр шұғыласы» бар. Алайда оны анық көре алмаймыз. Себебі шұғыла ультра сәулемен тарайтындықтан, оны адамның көзі көре алмайды. Арнайы ғарышта пайдаланатын көру аппараттары арқылы қарауға болады.

 

Марстағы тәулік

Әрбір планета өзінің өсін толық айналып шығу үшін түрлі уақытпен жүреді. Мәселен біздің Жердегі бір тәулік – 24 сағат. Ал Марс планетасындағы бұл көрсеткіш дәл осындай, тек 40 минутқа ұзақ.

 

Марста су бар

Қызыл планетада су бар деген мәселені ғалымдар 2008 жылы байқаған болатын. Жыл өткен сайын түрлі зерттеулер жасала келіп, шынымен де Марста су бар екені анықталды.

 

Мұзды белдеулер

Марста оңтүстік және солтүстік жарты шарында мұзды қабаттар бар. Бұл Жердегі солтүстік мұзды мұхит пен Антарктида құрлығы секілді. Ең қызығы Марстың орталық бөлігінде де мұзды қабаттар орналасқан.

 

Өзінің сарқырамалары да бар

Сарқырама деген кезде бірден көз алдыңызға таудан жиналып келіп, еңіске қарай құлайтын алып су елестеуі мүмкін. Дегенмен, бұл сіз ойлағандай сарқырамалар емес, қызыл отқа оранған лава сарқырамалары.

 

Марс – өмір сүруге жақын жалғыз планета

Марс пен Жерден бөлек планеталарда өмір сүру мүмкін емес. Себебі ғалымдар екі категорияға бөліп қарастырады: жерге ұқсас және газды планеталар деп. Жерге ұқсас деп отырғанымыз, сыртқы қабаты берік, қонуға болатын планеталар. Ал газды планеталарға қону түгілі барудың өзі өте қиын. Мәселен Меркурий планетасы Күнге өте жақын орналасқандықтан оған бару ақылға қонымсыз. Тек Марс планетасы ғана Жерге ұқсас болғандықтан ғалымдар баруға ынталанып отыр.

 

Марста өсімдік өсуі мүмкін

NASA агенттігі Марста өсімді өсуі мүмкін және бұл алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалардың бірі деп отыр. Егер көк шөп Қызыл планетаға өсетін болса, онда өмір сүруге мүмкіндік жасауға әбден негіз бар.

 

 

0 Пікір Кіру