Алғашқы пейджердің пайда болуы  - на tech.bugin.kz
Aruzhan - на tech.bugin.kz Aruzhan

Пейджер - радиодабылды қабылдап, оны мәтінге айналдыратын ықшам құрылғы

Пейджер - радиодабылды қабылдап, оны мәтінге айналдыратын ықшам құрылғы. Радиодабылды 1921 жылдан бастап Детройт полициясы қызмет бабында қолдана бастаған. Кейіннен, АҚШ полициясы мен әскери бөлімшелері де осы жүйе арқылы байланыс орнатқан. 

1930 жылдардан бастап медицина саласында да осы жүйе кең етек жая бастады. Дегенмен, алғашқы пейджерлерді 1956 жылы Motorola компаниясы жарыққа шығарды. Пейджерлерді тек қана жұмыс бабымен емес, әрдайым байланыста болғысы келген кез-келген адам қолдана алды . Кеңес одағында пейджерлер 60-шы жылдардан бастап мемлекеттік қызмет үшін қолданылды, тек 1976 жылы ғана сұранысқа ие болып, халық арасында кеңінен тарады.

Технология қарыштап дамыған қазіргі заманда пейджер керек емес дерсіз. Алайда, әлі күнге дейін өз жұмысын тоқтатпаған пейджер компаниялары бар екен. Бұл пейджерлердің әлі де сатылымда бар екендігінің көрінісі.

0 Пікір Кіру