Sony Walkman - на tech.bugin.kz
Сабина - на tech.bugin.kz Сабина

Ең алғашқы музыкалық плейр

«Sony» компаниясының негізін 1946 жылдың 7 мамырында Акио Морита және Масару Ибука салған. Компанияның бастапқы атауы «Tokyo tsushin kogyo kabushiki kaisha» болған, қысқаша Тотсуко. Алайда оның аталуы американдықтарға қиындыққа соққан. 

Қазіргі «Сони» екі сөздің қосындысынан шыққан лат. sonus («дыбыс») және ағылш.sunny boys («күн балалары»; ағылшын тіліндегі sonny-boys сөзі жапон тілінде «кішкентай данышпандар» деген мағынаға ие). Жапонша «сонни» дыбысы сәтсіз бизнес деген сөзге ұқсаса келгендіктен бір «n» әрпін алып тастауды шешкен. Алайда «Sony» атауы тек 1958 жылдың қаңтар айында ғана берілген.

Көп жылдар бойы Морита компанияға басшылық етіп, нарықта үлкен жетістіктерге алып келген. Жақсы да тартымда дизайны мен жаңашылдығының арқасында Sony өзінің атын шығарады. 1950 жылдары компания өзінің алғашқы «TR-63» радио қабылдағышын шығарған.

Sony Rolly атты әуен ойнататын роботты, AIBO атты ит тәрізді роботты, гуманоидтарды және QRIO-ды жасап шығарған. 1970-1980 жылдары бірінші портативті Walkman аудиоплеерлері шыға бастайды. 1983 жылы Philips компаниясымен бірігіп нарыққа алғашқы компакт-дискілерін шығарады.

0 Пікір Кіру