Palm Pilot  қалта компьютері - на tech.bugin.kz
Дана Нұрмұханбет - на tech.bugin.kz Дана Нұрмұханбет

Ол туралы не білесіз?

Білесіз бе? Еліміз 1997 жылы Астанаға көшіп жатқанда, дамыған елдер қалтада алып жүруге болатын компьютерлерді ойлап тапқанын. Ол - Palm Pilot қалта компьютерлері болатын . Ол туралы не білесіз?

Palm Pilot компьютерлері өте кішкентай, әрі ыңғайлы, салмағы бар жоғы 160 грамм. Тіпті, жейдеңіздің қалтасында сақтауыңызға болады. Құрылғы арқылы қажетті мәтініңізді еңгізіп, қалаған жеріңізге жібере аласыз. Мәтінді еңгізу үшін “Graffiti” графикалық интерфейсті және арнайы қолжазбалық кіріс жүйесін пайдаланады. Арнайы қаламмен кез келген таңбаны немесе цифрлық ақпаратты еңгізеді. Стандартты деректерді еңгізу үшін арнайы Palm Pilot пернетақтасын немесе дербес компьютердің пернетақтасын пайдалануға болады.

Palm Pilot жүйеге немесе қолданбалы жадқа жүктеуді күтпей, кез келген бағдарламаны бір түймені басу арқылы іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету кез келген адамға жаһандық желілерге қосылуға, электрондық почталарға жіберуге және алуға, деректерді қашықтан синхрондауға мүмкіндік береді. Ол PDA көмегімен электрондық почта хабарын жоюға, бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, келген хабарламаларды сүзгіден өткізуге болады.

Пилот иесі Hot Sync синхрондау механизмі арқылы дербес компьютерде жеке деректер жиынтығын сақтау мүмкіндігіне ие. Тек бір ғана батырманы бассаңыз болғаны.

Ең қызығы – сіз Palm Pilot арқылы қашықтан ғаламдық желіге қосыла аласыз. Ақпараттар технологиялар мамандарының көзқарасы бойынша, Palm Pilot өте мықты және икемді құрылғы. Ол Microsoft Shedulet, Lotus Organizer және Starfish Software Sidekick сияқты танымал қосымшалармен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Пилотқа арналған қосымшаларды оңай жасауға арналған стандартты әзірлеу құралдары бар. Сонымен қатар, модемді пайдалану арқылы Palm Pilot-қа факстерді тікелей жіберуге және алуға болады.

Palm Pilot компаниясының жүрегі – 32 биттік Palm OS жүйесі. Онда жұмыс жасау үшін тек 40 кбайт жүйелік жад қажет, қалған жадты басқа қолданбаларға береді.

Palm Pilot-қа ақпаратты үш жолмен еңгізуге болады.Алдымен, сіз барлық ақпаратты дербес компьютеріңізге еңгізе аласыз. Содан кейін, синхрондау процедурасы кезінде Palm Pilot-қа көшіріледі. Егер қолыңызда компьютер жоқ болса, онда сіз пластикалық қаламды алып, ақпаратты экрандағы пернетақта арқылы еңгізе аласыз немесе “Graffiti” көмегімен ыңғайлы түрде PDA экранына жазуыңызға болады.

2 Пікір Кіру