Atari 2600 ойын приставкасы жайлы не білеміз? - на tech.bugin.kz
Болат Жансая - на tech.bugin.kz Болат Жансая

Atari-дің алтын дәуірі

1980 жылдардан бастап компьютерлік ойындар Батыс елдерінің тұрғындарының көпшілігін, соның ішінде, жастар мен жеткіншектердің санасын жаулап алған ойын-сауық индустриясына айнала бастады. Бұл жаңа қызығушылық екі жақты бағаланды: бір жағынан , қоғам компьютерді иелену мүмкіндіктеріне ие болып өз жұмыстарын жеңілдетті; екінші жағынан көптеген бұқаралық ақпараттарда балалардың психикасына қауіпті әсері жайлы мақалалар жарияланды. Компьютерлік ойындардың адамның агрессивті мінез-құлқына ықпалын қоя беріп, тарихына тоқталып өтейік.

1971 жылы Нолан Башнелл тұңғыш рет коммерциялық аркада ойындарын шығарды әрі сата бастады. Бұл ойынның негізі баяғы Space war ойыны , дәл сол векторлық графика және ойын желісі , тек компьютерді көлемі шағындау , бағасы арзандау темір жәшік алмастырды. Өкінішке орай, Ноланның алғашқы ісі жүзеге аспай , сәтсіздікке ұшырады. Нарық мұндай күрделі ойындар үшін әлі жетілмеген еді. Алайда, Нолан бұл сәтсіздікке қарамастан, 1972 жылы компаниясының атын Atari деп өзгертіп , коммерциялық ойындар дәуірін бастаған эпоха ойлап тапты. 1977 жылы Atari 2600 VCS-ты шығарды: бірнеше ойындардан тұратын жиынтық. Қазіргі кездегі техникалық сипаттамалармен салыстырып қарасақ , күліп қоярыңыз анық , ал сол кезеңге 2 килобайт ПЗУ және 128 байт ОЗУ үлкен коммерциялық табысты қамтамасыз ете алды. Ойын өнеркәсібі тау шыңдарындағы қар тасқынынындай жылдамдықпен дами бастады. Бұл жылдары ойын өнеркәсібі үлкен табыстарға жетті. Сатылым бағасы ең арзан ойын түріне 30-40 доллардан басталса, өндіруге кеткен қаражат 10 долларға да жетпейтін. Осылайша, компанияның қаржысы 2 млрд долларды құрады. Atari бір орында тоқтап қалмады, үйде орнатылатын ойын құрылғылары , түрлі бейнеойындар , тіпті, баламалы түрде иесіне «ақша шығаратын сиқырлы құралдай» болған ойын автоматтарын ойлап тапты .

Atari 2600 Jr.ойын приставкасы Азияда 1990-жылдардың басына дейін , ал АҚШ пен Еуропада 1991 жылға дейін сатылымға шығарды. Нарыққа шыққан күнінен айналымнан шығарылған күнге дейін 40 млн данасы сатылды. Atari 2600 ойын приставкасының өндірісінің тоқтатылуы 1992 жылдың 1 қаңтарында ресми жарияланды. Бұл құрылғы нарықта құнын жоғалтпай 14 жыл 2 ай өмір сүруімен тарихта қалды.


0 Пікір Кіру