Интернет әлекке сала ма, болашаққа жол аша ма? - на tech.bugin.kz
Ақбөпе Нұрлыбекқызы - на tech.bugin.kz Ақбөпе Нұрлыбекқызы

"Смарт-технология - мақсатқа жетудің заманауи түрі"

XXI ғасыр ақпарат пен технология ғасыры. Үздіксіз ақпараттар мен технологияның қарқынды дамуы  "Smart" ұғымын дүниеге алып келді. "Smart" ағылшын тілінен аударғанда "ақылды" деген мағынаны білдіреді. Смарт-технологиясы деп көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Смарт техника деп ,яғни, ақылды қалта телефондар қандай да бір затқа шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғыны айта аламыз.

Моbile – ағылшын сөзі «қозғалмалы», «икемді» деген мағынан береді. Мәселен, бұл сөз автомобиль, аэромобиль, мобильді телефон деген сөздерде жиі кездеседі. Сонымен мобиль – адам әрекетін жеделдететін, қандай да бір затқа шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Қазір біз өмірімізді осы мобильдік құрылғыларсыз мүлдем елестете алмаймыз. Ақпараттың мобильдік құрылғылар арқылы дамуы ақпараттық ортаның қарқынды дамуына, сол арқылы мобильдік құрылғыны пайдаланушылар санының бірнеше есе артуына алып келді. Соған байланысты интернет дамыды, сымсыз интернет пайда болды, осыған орай мобильдік құрылғының қосымшаларын үлкен қарқынмен дамытып отырған әлемдік нарық қалыптасты.

Елбасымыздың Жолдауында: «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - деген болатын. Қазіргі таңда тек  сауатты болу жеткіліксіз, тасқындап жеткен ақпараттарды түсінуге техниканың мүмкіндігі мол, әсері мен пайдасы көп.

Смарт-технологиялар екпінмен дамып жатыр. Смарт технологиялардың пайдасы әзірше  ғылымда, оның ішінде медицина саласында оң нәтиже көрсетіп келеді. Ашып айтар болсам, стомотологияда біршама жетістіктерді байқап жүрміз. Технологияның көмегімен лазерь арқылы емдеу  ғылымның жоғары жетістігі емес пе?  Бірақ, смарт-технологиялар біздің елді бір күнде басып қалса, онда халық оған дайын емес. Шалғайда тұратын тұрғындарда не интернет жоқ, не әлі күнге дейін қолдануды түсінбейді, жете қоймады. Кедейдің байығаны жаман демекші, олардың да көзін бірден ашып жіберсек, бұрынғы неандерталдық дәуірге қайта ораларымыз хақ.  Технологиялар адам өмірін жеңілдетуші құрал. Ал оны қаншалықты дұрыс пайдаланып жүрміз?  Әуелі халықтың идеологиясын өзгерту қажет.  Кемінде 4-5 жылдың көлемінде смарт-технологияны жетік меңгерген Малазия, Сингапур сынды  алпауыт мемлекеттермен тереземіз тең болады. Бұл уақыт аралығынды халықтың көзқарасы да білім деңгейімен қатар IT саласы да қарқынды дамиды.

Қандай құрылғыны алсаңыз да, желілік технологиялар әлемінде интернетсіз, желілерсіз сіздің құрылғыңыз көңіліңізден шығатынына күмәнім бар. Сіздің смартфоныңыз, планшетіңіз ең алдымен, шапшаң ақпарат жеткізу, алу, тарату көзі. Сондықтан да сіз оның барлық мүмкіндіктерін тек интернетке қосылу арқылы ғана бағалап, пайдалылығына көз жеткізе аласыз. Бұл құрылғылардың артықшылығы сонда – Сіздің кез келген жерде жүріп-ақ ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.    Интернет  - журналистика – XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіншілікке ие болды.

Интернет – журналистика – дәстүрлі журналистиканы эволюциясы.  Интернет журналистиканың артықшылығы сол, оқиғаның ортасында болған адам журналистің қызметін атқара алады, яғни интернет сайттарға, олардың электронды пошталарына, редакцияларына хабарласып, ақпаратты дереу жеткізуге мүмкіндігі бар. 

Соңғы онжылдықта жаңа технологиялардың пайда болу жылдамдығы едәуір өсті, жыл сайын өндірушілер кəсіби қызмет пен коммуникацияларға арналған жаңа құралдарды ұсынады. Жаңа интеллектуалды SMART технологиялары білім беруді және SMART құрылғыларын кеңінен қолдануға арналған платформаларда өзгерістерді талап етеді.

Смарт-технологиялары елімізде қаншалықты оң нәтиже беріп жатыр?

Интернет ресурстары адам өмірін қаншалықты жеңілдетіп отыр? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін HOLA News  ақпараттық порталының журналисті Қалиева Айжан Бақдәулетқызын сөзге тарттық.

-Қазір  смарт-технология ұғымы көпшілікке қаншалықты түсінікті? Смарт ұғымын тарқата айтып берсеңіз?

Смарт-технология дегеннің өзі жалпы алға қойған мақсатыңа жетудің заманауи түрі. Қолда бар ресурстармен, ақпаратпен белгілі уақытта  командамен арманға жету. Мұның смарт-технология деген аты болмаса, кез келген компанияда бұл жүйе бар деп ойлаймын. Смарт-технология- жаңа мүмкіндіктер, қай саланың болмасын басын біріктіреді.Технология адам өмірін жеңілдету үшін жасалады.

-Интернет журналистиканың қоғамдағы рөлі қандай?

Интернет журналистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Оны қазіргі Қазақстанда орын алып жатқан даулы мәселелерде болсын, басқа да саяси оқиғалар кезінде байқамау мүмкін емес. Жалпа, әлеуметтік желілер, ақпараттық порталдардағы материалдар билік  пен қоғамның арасында үзіліп кеткен көпірді қайта жалғап отыр. Журналистикаға "төртінші билік" деген атауды бекер бермеген.Себебі интернет журналистика тек ақпарат таратумен ғана айналыспайды, қоғам санасына үлкен дүмпу жасай алады. Бір ғана ақпаратпен халықты алаңға шығарып жіберуге болады.  Жуырда Қарағандыда орын алған жас жігіттің өлімі  осының бірден бір дәлелі. Жүздеген адам әкімшілік алдына барып, тергеудің әділ өтуін талап етті. Миллиондаған адам әлеуметтік желілер, ақпараттық порталдар арқылы өз бақылауын жасап отырды. Екі жыл бұрын Түркия президенті Ердоғанға өз әскері қарсы шығып, хаос орын алғанда  скайп желісі арқылы халқына басу айтып, бүтін бір мемлекетті интернеттің көмегі арқылы тыңдата алды. Осыдан ақ интернет журналистиканың, жалпы интернеттің ықпалы көрініп тұр.

-Журналистикадағы смарт-технологиялардың ерекшеліктері мен артықшылығына тоқталып өтсеңіз?

Ерекшелігі мен артықшылығы дегеніңіз бір сұраққа  саяды. Кез келген нәрсенің ерекшелігі оның артықшылығында. Смарт-технологиялардың  журналистикадағы артықшылығы  журналистердің оқиға орнынан  бірден видео, аудио, фото жібере алуында.  Кез келген жиынға барсаңыз, бұрынғыдай блокнот пен қалам құшақтап жүрмейсіз. Бір ғана смартфон бәрін қамти алады. Жаза да аласыз, бейне жазбаға да түсіресіз, қажет десеңіз  мәтініңізді теріп YouTube-қа  жүктеп, сайттың админі арқылы жаңалықпен бөлісе аласыз.  Әлеуметтік желілерге де тарата берсіз. Яғни, смартфон бәрін алмастыра алатын әмбебап техника.

-Қазақстандағы смарт-технологиялар қалай дамып жатыр? Нәтиже бар ма?

Смарт технология бізде Сингапур, Малазия сынды сынды елдермен салыстыруға келмейді. Дамып кеткен мемлекеттермен теңесетіндей дәрежеде емеспіз. Енді ғана дамып жатырмыз. Жалпы біз IT саласынан кенже қалып келе жатқан  ел болған соң,бұл технологияны кез келген саланың мамандары түсіне бермейді және қолдана бермейді. Смарт- алға қойған мақсатқа нақты критерийлер арқылы жету. Бұл технологияны ірі компаниялар ғана игеріп, өз тәжірибелерінде пайдалануда. Нәтиже болашақта болады деп ойлаймын.

-Hola News-тің оқырмандары кімдер?  Қай  бағытта ақпарат таратасыздар?

HOLA News-тің оқырмандары сарыжағал ақпараттарды оқығысы келмейтін,елде,қоғамда,әлемде болып жатқан оқиғалардан шынайы ақпарат алғысы келетін жандар.Контент 16 жастан асқан оқырмандардан бастап, ұлғая беретін  жас деңгейіндегі  аудиторияға бағытталған.Дәл қазіргі таңда бізді жастар аудиториясы көбірек оқиды. Қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық бағытта жұмыс атқарамыз.

-Ақпараттың жариялану жиілігі қандай?

Таңғы сағат 8:00-ден  түнгі  22 :00-ге дейін, 15-20 минутты қамти отырып ақпарат береміз.

-Жасыратыны жоқ, жалған ақпараттардың жария болуына сайттар жол беріп жатады. Бұл  сауатсыздық па, әлде рейтинг қуалау ма?

Сайттар дегенде барлық сайттар емес, кейбір сайттар десек болар. Егер мен журналистикадан хабары жоқ, қарапайым оқырман болсам  менде оны сауатсыздық деп қабылдар едім. Бірақ, журналистика саласында жүргендіктен кейбір сайттардың не себепті рейтинг қуатынын айта алам. Жалған ақпарат тарататын  болса, онда ол әрине сауатсыздық. Жалған ақпарат тарататын сайтты көрмеппін. Мүмкін кішкене тақырыптарында эмоция  қосатын NUR.kz  сияқты аты шулы немесе жаға ұстатар сөздерді қолданатын сайттар бар. Олар коммерциялық сайттар, мақсаттары қаралымды көбейту, сондықтан, қаралым үшін осындай тақырыптар қояды. Бірақ  еш сайттың жалған ақпарат бергенін көрмеппін. Бізде БАҚ туралы заң бар. Егер қандай да бір республиқалық деңгейдегі ресми сайттар жалған ақпарат таратар болса, онда олар сөзсіз жауапқа тартылады. Ондайда журналист те ақпаратты шығарған сайт та айыпты болады. Кейде оқырманды өзі жазған материалды оқыту үшін сілтеме жасап жатса, әрине рейтинг қуалау болады. Кей коммерциялық сайттарда  талап қойылады, аудитория жинау қажет.

Білім беру саласында жаңа технологияларды енгізу білімнің жаңа, шығармашылық формасына жаңа схемасынан көшуді бастайды. Заманауи білім берудің негізгі міндеттерінің бірі студенттердің білім алуға деген ынтылығын арттыру болып табылады, екіншісі шығармашылық шешімдердің көмегімен осы білімді меңгерудің жаңа формалары мен құралдарын іздейді.                                    

                                              Сұхбаттасқан;  Әл-Фараби атындағы      ҚазҰУ  

                                                                        Журналистика факультетінің                                   

 2 курс студенті Ергеш Ақбөпе

0 Пікір Кіру