Естеліктер палитрасы  - на tech.bugin.kz
Айкөркем Абатқызы - на tech.bugin.kz Айкөркем Абатқызы

Polaroid камерасы

Әлемде адамзат баласы күніне миллиондаған суретке түседі. Бірі әлеуметтік желіге жүктеу үшін, бірі сол мезетті мәңгілікке сақтау мақсатында. Алайда, өміріңіздің жарқын сәттері телефоныңыздағы мыңдаған суреттерге қарағанда, қағаз бетіне түскен суреттерді көрген кезде әлдеқайда ыстық көрінері шүбәсәз. Осы орайда заманауи технологиялар көмекке келеді. 

Жаныңызға жақын, жүрегіңізге жылулық сыйлайтын сиқырлы сәттердің куәгері болған Polaroid OneStep Land камерасы 1977 жылы өмірге келді. Ерекшелігі: суретті түсірген бойда басып шығарды. Аз уақыттың ішінде үлкен сұранысқа ие болды. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Polaroid камерасын естіп-білгендер бірден сатып алуға асықты. Осылайша, ғаламторда Instagram секілді көпфункциялы әлеуметтік желі пайда болғанға дейін Polaroid камерасын қолданушылар саны көбеймесе, азайған жоқ. 

Суреттердің санына емес сапасына, мән-мағынасына жұмыс істейтін Polaroid камерасының қолданушылары қазіргі уақытта да жеткілікті. Жыл сайын жаңа дизайнмен сатылымға шығатын камералар әлі күнге дейін жастардың жүрегін жаулауда. Polaroid камерасы досыңызға ең қымбат сыйлық, өзіңізге ең ыстық естелік, өміріңіздегі естеліктер палитрасы болары сөзсіз!

1 Пікір Кіру