БАҚ-қа ақпараттық  қауіпсіздік керек пе? - на tech.bugin.kz
Гүлжанат - на tech.bugin.kz Гүлжанат

ХХІ ғасыр ақпараттың тасқыны тулап қайнаған заманында оның құралдарынсыз өміріңізді елестету, әсте, мүмкін емес болып кеткені рас. Оған ақпарат құралдары қоғамда, халық арасында әбден сіңіп кеткені, бұқараның ақпарат айдынын әр минут сайын ақтарып отыратыны себеп бола алады

Ақпараттың барлық құралдары қоғамдық өмірмен бірге біте қайнасып кеткен. Статистикалық мәліметтер бойынша, әлемдегі халықтың көбі дерлік ақпаратты ең алдымен интернеттен, екінші- теледидардан, үшінші-радиодан, төртінші-газет-журналдан алады екен. Ұстазымыз филология ғылымдарының докторы, профессор Какен Қамзин жалпы қазіргі БАҚ түрлерін үш түрге бөліп қарастырады. Олар: 

1) Қағаз форматты (газет, журнал, ақпараттық басылымдар); 

2) Аудио визуалды (радио, телевидение, деректі кино); 

3) Ақпараттық қызмет (телеграф агенттіктері, жарнама қызметтері, әлеуметтік байланыс). 

Бұлардың барлығы сайып келгенде интернет арқылы жүзеге асатыны жасырын емес.

Журналистиканың барлық қызметі мен мазмұн түсінігі халыққа, оқырман аудиторияға дер кезінде ақпарат жеткізуден көрінеді. Ал ол ақпарат дегеннің өзі қоғамдағы орын алған оқиғалар, құбылыстар мен фактілер туралы журналистиканың құралдары арқылы берілетін белгілі бір мәлімет. Бірақ осынау ақпаратты алудан гөрі жеткізу қиын кезеңде ақпарттық қауіпсіздік сақталып жүр ме? Ақпарттық қауіпсіздік әрбір «төртінші билік» өкілдерінің басты құралына айнала алды ма?

Жалпы, қауіпсіздік дегеннің өзі кез-келген жерде керек, адамның өміріне, іс-әрекетінде маңызды рөл атқаратын ұғым болып саналады. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарттық қауіпсіздікте БАҚ өкілдеріне қай тақырыпты алса да, қай мәселені көтерседе, нені жақтап, нені даттаса да өз еріктері. Себебі, демократиялық бағытты ұстанғандықтан сөз бостандығына ерік беріліп жатады. Дегенменде, тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыптыға келетін кейбір атақ-даңққа құмар, рейтингті қуалаған журналистер ақпарат айдынына өтірікті араластырып, анықталмаған жалған ақпаратты жария ететіні бар. Өтіріктің құйрығы бір тұтам демекші, ерте ме кешпе ол өтірігінің шындығы ашылады. Сондықтан атақ та, абырой да әкелмейтін ондай әдеттен әрбір журналист аулақ болғаны жөн. Осындай жағдайлар адамның психологиясына тіпті, адам өміріне залал тигізуі әбден мүмкін. Мәселен, алысқа бармай-ақ жақында ғана желіде желдей есіген Түркістан облысында бесем дүниеге келді деген мәліметтің өзі жалған ақпарат. Бұл жөнінде мамандар сұрақ туындайтын мәселеге назар аударып, балалардың бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын, сонымен қатар, олар үшем немесе егіз болуы мүмкін емес, себебі олардың денелерінің ірі екенін айтқан болатын.

Америкалық заңгер Ралф Нейдер: «Ақпарат– демократияның басты валютасы» деген екен. Неғұрлым ақпарат көбейген халықтың да оған сенімі артады. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті адам мен қоғам, мемлекет мүддесіне сай шынайы ақпаратпен уақытында қамтамасыз ету.

Түйін

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Кез келген орта да шындықтың шамын жағып, әділетсіздікке жол бермеу журналистің ғана емес, әрбір адамзаттың басты міндеті деп білемін.

0 Пікір Кіру