Никола Тесла туралы не білеміз? - на tech.bugin.kz
Гүлжанат - на tech.bugin.kz Гүлжанат

Данышпан физик, инженер, электроника және радиотехника саласындағы өнертапқыш Никола Тесла туралы не білеміз?


Тесла қазіргі Хорватия жерінде дүниеге келген. Серб ұлтының азаматы. Жастайынан техникаға, электротехникаға әуестенген ол бірнеше өнертабыстарға қол жеткізеді. Солардың ішінде үздік әрі қызықты 5 өнертабысы туралы сөз қозғайық.

1.Сымсыз электр энергиясын беру

Осыдан, шамамен, 126 жыл бұрын, 1893 жылы Чикагодағы бүкіләлемдік жәрмеңкеде Тесла өз тәжірибесінде электродинамикалық индукция деп аталатын процесте бірқатар фосфор шамдарын жарықтандыру арқылы электр энергиясын сымсыз беруді көрсеткен. Ол атмосферадағы ұзақ қашықтыққа электр қуатын беріп, алыстағы аймақтарға ыңғайлы болу үшін қажетті энергиямен қамтамасыз етуді бұрыннан армандаған екен. Бір ғасырдан астам уақыттан кейін Intel және Sony сияқты ірі компаниялар ұялы телефондар сияқты электр қуатын сымсыз беруді ойластыра бастады.

2. Рентген сәулелері

Тесланың электромагнетизм саласындағы зерттеулері бүкіл әлемдегі рентгенологтарға асқазанды жарып алмай адамның анатомиясын көруге көмектесті. Электромагнитті және ионды сәулелер тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана зерттеле бастады. Бірақ Тесла бұл үрдісті толық зерттеген алғашқылардың бірі болды. Қазіргі таңда біз медицинада пайдаланып жүрген сәулелер осы Никола Тесла ойлап тапқан өнертабыстар арқылы дүниеге келген.

3.Робототехника

Никола Тесланың өнертабысы ғаламдағы барлық тіршілік иелері ішкі импульстің ықпалымен жұмыс істейді деген ойға қалдырғаны рас. Ол: «Мен бар болғаны ішкі импульсім арқылы әсер ететін қозғалысқа икемді автомат екенімді күн сайын әрбір ойым мен іс-әрекетім арқылы айта беремін»,-деген екен. Осылайша роботтың концепциясы пайда болған. Алайда, Тесла адамдық элементтер сақталатынын, адамзат роботтан көбею арқылы ұрпақ жалғасу арқылы ажыратылатынын айтты.

4.Радио

Осы уақытқа дейін радионы ойлап тапқан автор ретінде Маркони Гильермо саналып келген болатын. 1943 жылы АҚШ-тың жоғарғы соты радионы Тесла ойлап тапқанын дәлелдейтін бірнеше айғақтарға көз жеткізгеннен кейін Марконидің патентіне тыйым салынып, шектеу қойылды. Нокола Тесла радиобайланысты қабылдау және байланыстыру тетігі бар толқынның бір бөлшегі ретінде таныстырды. Ұлттық электр қуаты ассоциациясының алдында осы технологиясын таныстырған. Тесла 2 өнертабысынң патентін 1897 жылы алды. Бірақ, 1904 жылы АҚШ-тың Патент беру бюросы шешімін өзгертіп, радионы ойлап тапқан ғалым ретінде патентті Маркониге берді.

5. Жарық көзі

Бүгінде біз пайдаланып жүрген жарықтың өзін Тесла ойлап тапқан жоқ. Ол бірақ оны сақтау мен жеткізу жолдарын ойлап тапқан. Тесла флуоресцентті лампаларды өндіріс орындары жарықты өндіргенге дейін 40 жыл бұрын өз зерханасында пайдаланған екен. Ол бүкіләлемдік көрмеде шыныдан жасалған түтікшені қолына алып, оны танымал ғалымдардың есімі жазылған формада иіп көрсетті. Тесла алғаш рет неонды жарнама жасаған болатын. Бір өкініштісі Никола Тесланың осы сияқты көптеген өнертабыстары жоққа шығарылып, тіпті, көпшілігі дерлік қазіргі уақытқа дейін жасырын күйде қалған.

0 Пікір Кіру