Жақсы сайт жасаудағы 7 қағида - на tech.bugin.kz
Ажар Орынбасарова  - на tech.bugin.kz Ажар Орынбасарова

Сайтыңыз сапалы болсын десеңіз...

«martebe.kz , qaztest.kz» мұғалімдер мен білім алушы жастардың басын біріктіретін бірегей жобалардың негізін қалаушы, журналист Берікбол Төлеген сайт жасаудағы негізгі 7 қағиданы атап көрсетеді. 


І.  ҚАҒИДА  -  Қоғамның сұранысы

1.Сала таңдау (Сайт ашпас бұрын қандай бағытта жұмыс жасайтыныңызды анықтап алған жөн) .

2. Бәсекелестерді зерттеу (Өзіңіздің салаңыздағы бәсекелестерден өзгеше болу керек.)

3. Аудиторияға анализ (Аудитория, оқырмандарды зерттеу керек)

4. Стратегия құру (Сайттың алдағы жоспары)

ІІ. ҚАҒИДА - Жақсы атау

  1. Домен тіркеу (Сайтқа міндетті түрде домен тіркеу керек. Домедер ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы домендер қауіпсіз болады, сатып алып хостинг жалдап тұра бересіз. Ақысыз домендер тегін берілгенмен, олардың дұрыс  жұмыс жасамайды. Домен тіркейтін көптеген арнайы порталдар бар. Мысалы: domain.com, hoster.kz)
  2. Заңдастыру (заңды түрде сайтты тіркеп, лизенция алу керек)

ІІІ. ҚАҒИДА  - Монетизация (сайт арқылы ақша табу)

Сайт ашқан кезде екі мақсат болады. Бірі - ақпарат беру, екіншісі - ақша табу.

  1. Контексті жарнама
  2. Баннерлер
  3. Партнерлік бағдарлама
  4. Ақылы материалдар
  5. Тікелей жарнамамен жұмыс

ІV. ҚАҒИДА - Прототип 

Сайт прототипі – сайт беттерін программалау. Техникалық тапсырмаларды орындауды қажет етеді. Сайт мұқабасын жасамас бұрын алдын-ала сызбасын сызып алған дұрыс. Дайын сызбамен сайт қалпын құрастыру тиімдірек.

V. ҚАҒИДА - Кәсібилермен жұмыс жасау

Әрбір істі сол істің кәсіби мамандары жасаған дұрыс. Сонда жұмыс сапалы болмақ. Сайттың дизайнымен дизайнерлер, сайт кухнясы, техникалық жақпен  IT мамандарының жұмыс жасағаны дұрыс.

VІ. ҚАҒИДА - Қолайлы интерфейс

Қолданушы. Сайтқа тек негізін қалаушы, басқарушы ретінде қарамай, бір сәт қолданушы көзімен қараған дұрыс. Сайтқа кірген кезде қолданушы автоматты түрде жұмыс жасай алу керек. Айдарлар ыңғайлы, жазулар түсінікті, түстер жағымды болған дұрыс.  Сайт кемінде 3 секундта ашылу керек.

VІІ.ҚАҒИДА -  Сыр көз сыншы

Сайтты біреуге көрсетуден қорықпаған дұрыс. Сырт көз сыншы екенін ұмытпағанын жөн. Арнайы бір қателіктер болса, түзетуге тырысу керек. 

0 Пікір Кіру