Дрондар майдан даласында... - на tech.bugin.kz
Жасталап Оразхан  - на tech.bugin.kz Жасталап Оразхан

Дрондар қалықтап бара жатыр...

Дрон қанатымен ұшып, табанымен қонады. Бұл бүгінгі күннің тәмсілі. Теxнологиялар да күн өткен сайын жаңарып, қолдану ауқымы кеңеюде. Олар нақты не үшін, қандай мақсатта қолданылады. Қолданғанға пайда болса, қорғанғанға тигізер әсері қандай?

XXI ғасыр жаңа теxнологиялар мен мүмкіндіктер ғасыры.Олай дейтініміз жаңа дүние,жаңа мүмкіндік екені бәрімізге белгілі.Бүгінгі күнде небір жаңа теxнологиялардың қарыштап дамығаны сондай роботтар мен басқа да құрылғылар адам атқаратын көптеген жұмыстарды игеріп,жұмыс көлемін көбейтуде.Міне бұл ғасыр жетістігінің бір парасы.

Дәл осындай заман ағымында қолданысқа енген заманауи құрылғылардың бірі әрі бірегейі ұшқышсыз ұшу аппараттары,яғни  дрондар.Бұл дрон камералары алыс нысандарды қашықтықтан бақылауға мүмкіндік берген таптырмас құрал.Қазіргі таңда дрон камераларын мерекелік кештер,той,түрлі бейнематериалдар түсіруге кеңінен қолданылуда.

Болашақта,тіпті ертең-ақ сіз қуанышыңызды түсіріп жүрген дрондар сізге қауіп төнгізуі әбден мүмкін.Әрине бұл тек қауіпсіздік тұрғысынан.

Қалайша,дейсіз бе,қараңыз?!Қазіргі таңда көптеген елдер мемлекеттік шекарасын күзетуде дрон камерасының жетілдірілген түрін қолдану арқылы уақыт үнемдеп,қауіпсіздікті арттырған.Енді түсіндіңізбе?Болашақта дрондар әскери теxникаға яғни қаруға айналмақ.

Ұлы Отан соғысындағы мына бір тәжірибе естеріңізде ма?Беліне мина байланған иттер жау танкісінің астына тамақ іздеп кіретін.Сол сәтте итте,танкіде жарылатын.Сол кезде иттерді 6 ай бойы оталып тұрған танкінің астында тамақ беріп үйрететін.Осылайша бір танкі үшін бір итті үйретуге жарты жылдай уақыт кететін.Бұл сол кездің тактикасы.Әрине,жүзеге асты.

Болашақта дрондар майдан даласында иттерді,тіпті адамдарды да алмастыруы бек мүмкін.Қасқағым сәтте майдан даласына түрлі жарылғыш қару арқалаған жүздеген тіпті мыңдаған дрондар жетіп келсе таң қалмаңыз.Олар арқылы майдан даласын барлап,тіпті шабуыл өтіне де шыға алады.Бұл дәленденген ғасыр жетістігі.Сол себебті теxникалық құралдардың да қолдану аясы сан түрлі.Бізге жаманын көрсетпесін.Әлемде тек бейбітшілік болсын!

0 Пікір Кіру