Смартфонға арналған сымсыз батарейка  - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Жаңа технологияның жеткен жетістігі

Кейінгі шыққан жаңа технологиялардың ішінде смартфондардың қуат көзін қабылдайтын орталықтарының болмауы (батарейкасы). Бұл мүлде жоқ деген сөз емес, алайда осыдан бірнеше жылдар бұрын ұялы байланыс түрлерінің артқы бөлігінде арнайы қуат көзін қабылдайтын қондырғылары болды. Оны қолмен алып қуатттауға да мүмкіндік болады. Ал қазір барынша минимализмге ұмтылған дәуірде оның да өмір сүруін тежеген болатын.


Prelude – кейінгі смартфондарға арналған қуат көзін қабылдайтын арнайы қондырғы. Prelude арқылы Apple және Samsung, LG, Sony секілді смартфондарды қуаттауға болады.

 

Пайдалану қызметі


Арнайы Prelude қуат көзін қабылдайтын құрылғыны смартфонның артқы бөлігіне жабыстыра қойсаңыз болды, ол қуаттау жұмысын бастайды. Гаджеттің көлемі – 11,4 см. Ұзындығ – 6,9 см. Ені – 1,7 см. Ал сыйымдылығы – 5000 мАч.


Негізінде мұндай гаджеттер осыған дейін де пайда болды. Алайда олар тек магнит өрісі бар смартфондарға ғана жарамды болып елсе, Prelude гаджеті пластикалық қабатқа да өтімді.

0 Пікір Кіру