Марғұлан Ақан

Жастардың сұрағына жауап

ХХІ ғасырда жанармайсыз-ақ жүрудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Солардың бірі жастарға да, үлкендерге де ыңғайлы құрастырылып шыққан электронды самокаттар.


Алматы қаласында бүгінде көлікпен жүрудің мұңы көбейді. BRT жүйелі жолдарды есептемеген кезде көшелер бір бағытқа айналып, тарылып, барынша қоғамдық көліктер мен жаяу жүргіншілерге жағдай жасалып жатыр. Осыны пайдалана білген кәсіпорындардың ішінде электронды самокатты жаппай сатып жатқандардың бәсі жоғары.

 

Көктем, жаз, күз айларында қара жол таңдамай жүретін электронды самокаттың қыстағы жағдайы қалай болады?

Самокаттың аты айтып тұрғандай ол электр қуаты арқылы жүретін болғандықтан, су тисе қауіпті болуы мүмкін. Жалпы сатып алар кезде ескерту жасалады: қатты жаңбырда жүруге болмайды. Ток соғуы ғажап емес.

Егер қыста электронды самокатпен жүргіңіз келсе, ең бірінші қалың киініңіз. 25-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын электронды көліктің үстінде қысты қойып, күздің өзінде тоңып қалатыныңыз анық. Ал қыста тіпті барынша қалың, суық өтпейтіндей киіну керек. Себебі кеудеге ұрған суық сіздің денсаулығыңызды аямайды.

 

Қыста жүрудің керегі бар ма?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қыста электронды самокатпен жүруге болады. Ол үшін жолға, ауа райына, температурға қарау керек. Қатты суық, ауа райы қолайсыз, жол еріп жатқан жағдайда мініске салудың қажеті жоқ.

Электронды самокаттардың қыста жүруіне арналған дөңгелектер жоқ. Бұл туралы құрастырушылар да әлі ешқандай ақпарат берген жоқ. Алайда қарапайым көлік жөндейтін орынға барып, дөңгелекке шынжырлы табан секілді мүмкіндіктерді пайдаланып көруге болады. Бұл самокаттың түріне және оның қозғалу жағдайына қарай қарастырылу керек.

Қатты суық кезде самокаттың жұмыс істеу мүмкіндігі төмендейді. Тіпті өшіп қалуы да мүмкін. Ең дұрысы қоғамдық көлікпен жүрген дұрыс. 


0 Пікір Кіру