Марғұлан Ақан

Көлік жүргізушілерінің өзі мән бере бермейді

Көлікке отыра қалған кезде жанармай багын көрсететін индикатор ішінде не қызыл түске не ақ түспен көрініп тұрған ұшбұрышқа көзіңіз түседі. Жүргізушілердің көбі мән бере бермейтін бұл белгі, көліктің жанармай багының қай жағында орналасқанын көрсетеді. Ал бұл белгінің пайда болуына әсер еткен оқиғаны білесіз бе?


1986 жылдары Ford көлігін өндіретін компанияда жұмыс жасайтын қарапайым қатардағы азамат Джим Мойлан, сәуір айының жаңбырлы күндерінің бірінде көлігіне жанармай құю үшін жанармай бекетіне тоқтайды. Көлігінің жанармай багы басқа жақта екенін ұмытып кеткен Джим су-су болып, қайтадан көлігін қозғауға асығады. Осы кезде компания қызметкеріне идея келген. Ол жанармай багын көрсететін индикаторға кішкентай ғана белгіше қойып, ол арқылы көлік бағының қай жақта орналасқаның көрсететін бағыт береді. Осыдан кейін 1989 жылы жанармай багын көрсететін индикатор ішінде арнайы үшбұрышты кішкентай ғана белгіше бар қос көлік жарыққа шықты. Олар: Ford Escort және Mercury Tracer.

Негізінде бұл белгілі 1976 жылдары Mercedes-Benz W123 көліктерінде пайда бола бастаған. Онда ол жарық жанған кезде қызыл түске боялып көрінеді. Дегенмен, кейін белгі аталған көліктерден жоғалып кеткеннен кейін, Джим Мойлан ойлап тапқан белгі қалып, түрлі көліктердің жанармай багын көрсететін индикатор ішінде көрініс тауып келеді.


0 Пікір Кіру