Bugin.kz

Жапондар ғарышқа апаратын лифт концепциясы бойынша жұмыстарын бастап кетті.

Жапонияның Сидзоуки универистетінің ғалымдары мен өзгеде ұйымдардың жобалаушылары біріге отырып, «ғарышқа апаратын лифт» концепциясы бойынша алғашқы сынақты бастап көрмек.


Аталған жоба бойынша лифт жер мен орбитаны байланыстырып тұру керек.


Фантастика ма әлде шынымен бе?


Бұл сынақ ғарышта тұңғыш рет жасалайын деп отыр. Сынаққа кіріспестен бұрын ғалымдар көптеген сұрақтарға жауап іздейтін болады: инженерлік жұмыс, ғылыми тұжырымдар, құрылым бойынша, ұзын әрі берік сымдардың жай-күйі.


Бұл мәселе бойынша ғалымдар көлемі 10х10 болатын екі бірдей ультракомпактілі спутник-кубсатты пайдаланбақ. Берік әрі қалың сым Н-2В ракетасын жерден орбитаға көтеріп-түсіру керек.


Адам ақылына симайтын сынақ қыркүйек айының 11 күні жүзеге асады.


«Ғарышқа апаратын лифт бұл шынайы нәрсе. Біз бұл жоба арқылы ғарышқа саяхат жасағысы келетіндердің санын көбейтеміз», дейді- жоба зерттеушілердің мүшесі Йоджи Исикава.

0 Пікір Кіру