Марғұлан Ақан

Оумуамуа туралы

Өзге ғаламшарлықтар туралы аңыз пен өсек қатар айтылады. Дегенмен, жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайтын секілді, Жерден бөлек тыс планетада өмір сүретіндердің бар екенін дәлелдеуге тырысып келе жатқан шетелдік басылым, ғалымдардың бұл жолы дерегі шынайы болар ма екен?!

 

Оумуамуа – жерге келе жатқан ғарыш кемесі ме?


Гарвард университетінің астрофизика саласын зерттеуші Абрахам Лоеб және Шумль Бялый күн жүйесінде көрінген Оумуамуа астероиды туралы таң қаларлық ақпарат берді. Олардың айтуынша, бұл астероид емес, Жер планетасын бақылауға келе жатқан өзге ғаламшарлық ғарыш кемесі болуы мүмкін дейді.

2017 жылдың 18 қазан күні Күн жүйесінде пайда болған Оумуамуа комета ретінде тіркелген. Белгісіз нысан секундына 26 км жылдамдықпен жылжып келеді.

Зерттеушілер комета деп тапқан нысаннан ешқандай кометаға тән құбылыс не зат табылмаған. Бір сөзбен айтқан кезде нақты не нәрсе екені белгісіз. Оптикалық телескоппен жасаған зерттеу нәтижесінде, Оумуамуа темекі пішінді, қызыл жолақты және тығыз орналасқан болып шықты.

Күн жүйесіне өте жылдам жылдамдықпен жақындаған кез келген комета, астероид отқа айналып, газ күйінде жоғалып немесе қалдықтары Жерге түсуі мүмкін деген түсініктер айтылады. Алайда аталған Оумуамуадан ешқандай белгі жоқ. Қаз-қалпында жылжып келе жатыр.

Ғалымдардың берген пікіріне сүйенсек, Оумуамуа бұл не өзге ғаламшарлықтардың ғарыш кемесі немесе жасанды нысан ғана.

Бір сөзбен айтқан кезде, бұл «ежелгі ғарыш кемесінің» қалдығы болуы да мүмкін. Қандай жағдай болмасын, бұл ғылым саласына үлкен өзгеріс алып келері анық.

0 Пікір Кіру