Жапон технологиясы: Токиода робот даяшылар жұмысқа кірісті  - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Дамыған елдің жетістігі

Токиодағы DAWN ver.ß атты дәмханада қараша айының 26-шы жұлдызынан бастап ерекше даяршылар қызмет қыла бастады. Ерекше даяршы дегеніміз – роботтар. Саны – бесеу, бойлары бір метрден сәл биік. Олар келушіден тапсырыс қабылдап, үстеліне қалаған тағамын жеткізіп береді.

Бірақ біздің айтпағымыз осы ғана деп ойламаңыз. Сәл кейінірек бәрін де түсіндіреміз.

Асхана мұндай жүйемен жетінші желтоқсанға дейін жұмыс істемек екен. Бұл – роботтарды сыннан өткізу үшін уақытша ғана ұйымдастырылған іс-шара. Негізінен 2020 жылы Жапония астанасында Паралимпиадалық және Олимпиадалық ойындар басталғанда іске қосу жоспарланған.

Сонымен, айтпағымыз мынау еді. Бұл даяршы-роботтарды мүмкіндігі шектеулі жандар үйінде отырып-ақ интернет күшімен басқарып отыр. Бірі – планшетпен, екіншісі компьютермен дегендей… Жапониялық өнертапқыштар, осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз етуді мақсат тұтыпты. Олар игілікті жоба бүкіл әлемде іске асса деген армандарын да жасырмады.

Дереккөз: altaynews.kz 

0 Пікір Кіру