Қазақстан жер серіктері бар «Falcon 9» зымыраны ұшырылды  - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Илон Маск

Бортында  қазақстандық жер серіктері бар «Falcon 9» зымыраны ұшырылды. 

Америкалық миллиардер Илон Масктың "SpaceX" компаниясына тиесілі «Falcon 9» зымыраны желтоқсан айының 3-інен 4-іне қараған түні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ванденберг ғарыш айлағынан ұшырылған. Зымыран бортына 17 елдің 64 жер серігі тиелген. Олардың арасында қазақстандық екі спутник бар. Қазақстандық қос спутникті қазақ-британ инженерлері құрастырған. Оның бірі жерді қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін салмағы 100 келілік микроспутник. Екіншісі жердің иносферасын зерттеуге мүмкіндік беретін салмағы бес келілік наноспутник. 

Дереккөз: The Qazaq Times

0 Пікір Кіру