Әлемді аузына қаратқан - Apple - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

1 cекундта - 5 триллион операция орындайды.

Apple 2018 жылдың күзінде үлкен тұсаукесер жасады. Қыркүйек айының айын оңынан тудырған сәтті көп күткен әлем жұртшылығына компанияның ұсынған 4 жаңалығы бар. Олар:


-         iPhone Xs

-         iPhone Xs Max

-         iPhone Xr

-         Apple Watch Series 4


Сахнаға көтерілген компанияның басшысы Тима Кукқа залдың шапалағы қаршы жауды. Таң қалатын несі бар, Apple Store дүкеніне жылына кіретін адамдардың саны – 500 миллион. Бұл деген үлкен көрсеткіш. Рекордтық көрсеткішті жасаған Apple табысы – 2 млрд доллар.


Аpple Watch Series 4

Тима Куктың айтуынша, Аpple Watch Series 4 – заманауи қоғамдағы ең озық үлгідегі сағат. Оның ең бірінші ұсынған жаңалығы, адам өзінің денсауылғын қолындағы сағат арқылы біліп отыра алады.


Сағат толық экранды бетке ауысқан. Сағатқа өзіңіздің ең сүйікті деген контактілеріңізді сақтай аласыз. Экранның сапасы мен тұнықтығы да өзгерген. Динамикасы – 50%-ға анық шығатын болады.


Аpple Watch Series 4 – әр сәт сайын экран бетінде сіздің жүрек қағысыңыздың ритмін көрсетіп тұрады. Артқы панельге кардиограмма жасайтын электронды сенсор қабаты орналастырлыған.



iPhone – 2018

Үші түрлі түстегі Iphone таныстырылды. iPhone Xs. Бұл «айфон он эс», «икс эс» емес. Қателеспеңіз. Алтын, күміс және сұр түсті смартфоннан көз сүрінеді. Судан қорғау мүмкіндігі – IP68. Экран Аpple Watch Series 4 секілді толығымен дисплейден тұрады.


5,8-дюймды Super Retina OLED-дисплеймен жабдықталған. Екінші үлгісі 6,5-дюймды дисплей. Бұл iPhone тарихындағы ең үлкен экран. Дисплейде – 3,3 миллион пиксел. Жаңа iPhone атауы – Iphone Xs Max.


Қос смартфон стерео дыбыспен жасақталған. Face ID – қос смартфон үлгісінде де бар. Cекундына 5 триллион операция орындай алады. Түрлі тапсырмалар мен бағдарламаларды 30 %-ға жылдам орындайды.


Негігі ерекшелік маусым айында WWDC-те айтылғандай – Siri Shortcuts. Камераға анимодж және портретті режим, түрлі эффектілер қосылған.


iPhone Xr

Судан қорғау мүмкіндігі – IP67. Дисплей – LCD. Смартфон экраны – 6,1-дюйм. Дисплей iPhone 8 Plus смартфонынан үлкен. «Home» батырмасы жоқ.


iPhone Xs Max – 1099 $ (ең төменгі бағасы)

iPhone Xs (512 гб) – 999 $  

Осыдан кейін нарықта жүрген айфондардың бағасына өзгеріс енеді:


iPhone 8 – 599 $

iPhone 7 – 499 $


Жаңа Apple өнімдерінің нарыққа шығу күні – 21 қыркүйек. Ал жалпы әлем бойынша – 28 қыркүйек.

0 Пікір Кіру