Марк Цукерберг 20 млрд долларға жуық дәулетінен айырылды - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Әлем байлары

Биылғы жыл Марк Цукербергке ауыр тиді. Блумберг агенттігінің дерегінше, ол жыл басынан бері 19,9 млрд доллар қаражатын жоғалтқан, деп xабарлайды СNBC.

Қазіргі таңда оның дәулеті 52,9 миллиард долларды құрап отыр. Цукерберг Блумберг нұсқасы бойынша Миллиардерлер рейтингіндегі ең бай адамдар тізімінде (Boomberg's Billionaires Index) жетінші орында тұр.

Блумбергтің статистикалық деректері бойынша, Цукербергтің дәулеті жыл басында 72.8 миллиард доллар болған, ол жыл басынан бері соның 27.3% жоғалтқан.

Цукерберг 20 миллиард долларынан айырылған, бұл қаржы Tesla бас директоры Илон Масктың дәулетімен бірдей (Блумберг дерегі бойынша, оның байлығы - 23.4 миллиард доллар).

2018 жылдың 25 шілдесінде Цукербергтің дәулеті 86,5 миллиардқа жеткен болатын.

Қазіргі таңда осы жылды шығынмен аяқтап жатқан миллиардерлер аз емес. Мысалы, 20 желтоқсанда Билл Гейтстің қаржысы 1.6 миллиард долларға қысқарған.

 

 

0 Пікір Кіру