Даниал Ахметов: SMS-хабарламалары арқылы байланыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді  - на tech.bugin.kz
Bugin.kz - на tech.bugin.kz Bugin.kz

Кері байланыс

Өңірді цифрландыру туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтып берді. 

Облыста ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталық құрылып, тәжірибелік сипатта пайдалануға берілген. Даниал Ахметовтің айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларындағы орталықтардан қарағанда, оның басты ерекшелігі - жолдағы, әлеуметтік нысандардағы қауіпсіздікті қамтитын, шұғыл және коммуналдық қызметтерді ұсынатын барлық ақпараттық жүйені біріктіруі болып отыр.

Әкімдіктен хабарланғандай, оның құрылымына ситуациялық және инвестициялық орталық, жедел ақпарат орталығы («Сергек», қоғамдық тәртіп, бейнебақылау), төтенше жағдайлар және коммуналдық қызмет, «109», EDDS-112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі кіреді. Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет іске қосылғалы бері 112 мен 109 қызметі 23 мың қоңырау қабылдап, 7 мың құқықбұзушылықты анықтаған.

- Сонымен қатар, аймақта қоңырауларды қабылдау және өңдеу бойынша барлық қызметтерді біріктіретін бірыңғай алаң бар. 15 тамыздан бастап азаматтардың жауаптар сапасына қанағаттану деңгейін және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін өтініш берушілердің SMS-хабарламалары арқылы кері байланыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, - деді Даниал Ахметов.

ҚазАқпарат

0 Пікір Кіру