Болашақта өміршен көліктерге деген сұраныс артады - на tech.bugin.kz
Жәнібек Әмре - на tech.bugin.kz Жәнібек Әмре

Сәнді де, өтімді де емес, өміршең көліктер керек

Бір зарядталғанда 805 шақырым жол жүретін қуат, оқ өткізбейтін терезелер, теңдесіз жылдамдық - бәрі-бәрі Илон Масктың су жаңа электрмашинасында тоғысқан.

Осындай адам баласына тиімді көліктін сыртқы келбетіне күліп, мазақ қылғандар көп. Сол адамдар көк түтінмен көпті улаған көліктердің кезеңі өтерін білмейтін де шығар...

Күні кеше Американың Детроит қаласындағы компания Илон Масктың көлігіне қарсы бәсекелес көлік жасап шығарды.

614 тұлпардың күші бар, 2300 келі жүк көтере алатын көлік сатылымға дайындық үстінде.

Міне өркениетті елдер бәсекелестікті өрбітіп өсу үстінде. Бәсекелестік- тек қырық-пышақ болып қырылу, бір нәрсені бүлдіру емес. Бәсекелестік - тың идеялармен, жаңа жаңалықтардың бастамасы. Өзге жұрттар осылай дамуда, осылай өсуде.

"Өнер-білім бар жұрттар" деп мұң кешіп өткен Ыбырай атамыз той жасаудан бәсекелесіп жүргенімізді көрсе бетімізге түкіретін де шығар бәлкім...


0 Пікір Кіру