ХХІ ғасыр жетістігі - жаңа технологиялар - на tech.bugin.kz
Эльенора Әбдірахманова  - на tech.bugin.kz Эльенора Әбдірахманова

Әлемдік жаңа технологиялардың дамуы

Әлем қарыштап дамуда. Әрбір күн жаңалықка толы. Тың дүниелер, жаңа технологиялар мен зерттеулер бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Біз ХХІ ғасырдың басты жаңалығы деп білетін жаңа ақпараттық технологиялар әрбір секунд сайын қарқынды дамуда. ХХІ ғасыр - бүгін ашқан жаңалығың, ойлап тапқан дүниең ертең-ақ ескіге айналатын заман.

‌Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік оның одан сайын дамуына, жаңа әрі қолжетімді техника мен технология түрлерінің пайда болуына септігін тигізуде. Әлемді жаңа технологияларымен басқарып отырған АҚШ пен Жапония, Оңтүстік Корея елдері технология саласы қарқынды дамыған алпауыт мемлекеттердің көшін бастап тұр. Мысалы, жақында Оңтүстік Кореялық VIV Studio компаниясы анасы мен оның айықпас генетикалық дерттен қайтыс болған 7 жасар қызының виртуалды кездесуін ұйымдастырды. VIV Studio компаниясы жаңа технологияны пайдалана отырып, 7 жасар Найонаның барлық фото - видеоларын жинап, оның іс-әрекеттерін, мінез - құлқын толығымен зерттеп, дәл образын жасап шыққан.

Чжан Чжи (анасы) арнайы көзілдірік пен қолғап киіп, қызының дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесуге де мүмкіндік алды. Қызы мен анасының кездесу сәтін "Сенімен кездесу" атты деректі фильмінде көрсетті. Осыған қарап-ақ, біз компьютер, гаджет, робототехника, 3D, 4D, 5D құрылғыларының бәрі -  сол шетелдік аса ірі технологиялық компаниялардың жетістігі екендігін нақты айта аламыз. Яғни, шетел өндіреді - біздің еліміз оны тұтынады. Оның себебін айтпасақ та белгілі болар. Дамушы мемлекет ретінде Қазақстан әлемдік бәсекелестікке тойтарыс беруге талпынып келеді. Десе де, дәл осы жаңа технологиялар саласы бізден әлі де болса барынша алға жылжуды талап етіп отыр. Әлемдік деңгейге шығуға бізге біраз уақыт қажет. Алайда сол деңгейге жетуге қажетті дүниенің барлығы бізде бар. 

Білімді жастар да, сол білімді тиімді пайдалануға арналған жағдай мен бағдарламалар да, мемлекеттік қолдау мен жобалар да, түрлі идеялар да бар. Тек жаңа заманның жаңа талаптарына тез бейімделе алмау қабілетіміз Қазақстанды артқа тартып отыр. 

Жаңа технологияны дамытудың маңыздылығын түсінгенімізбен, оны жүзеге асыруда күмәнмен қараймыз. Қазақ халқы бір жаңалық ашылса болды, оны дұрыс қабылдаудың орнына, кемшіліктерін іздеп, сынға алуға бейім. Қазақ қоғамына заман ағымымен бірге жүруге, жаңа жағдайларға бейімделуге, кез келген жаңа дүниені оң қабылдауға үйренісу қажет. Сонда біз әлемдік аренаға жаңа технологияларды ұсынуға, бәсекелестікке қабілетті болуға қауқарлы боламыз.

0 Пікір Кіру