Әлеуметтік желінің ең тиімдісі-Telegram - на tech.bugin.kz
Гүлбану - на tech.bugin.kz Гүлбану

Тар шеңберде танымал мессенджер

Telegram - тар шеңберде танымал мессенджер. Бұл таңқаларлық емес, өйткені оның ғаламшардағы ең танымал коммуникациялық қосымшасы болуға мүмкіндігі бар! Жасанды жасаушы, деректерді қорғаудың керемет деңгейі, тегіс, стильді интерфейс авторлық идеяны ұрлау және тіпті заңға қатысты мәселелерде қарастырылған.

Telegram – сіздің күнделікті қолданып жүрген SMS, E-mail, WhatsApp, Viber, Vkontakte қосымшаларын алмастыра алады. Телефонның кішкентай ғана бір бөлігін алып тұрған қосымша көптеген сұраныстарыңыздың жауабын табуға мүмкіндік беретін, қолжетімді мессенджер. Telegram желісінің басқа қосымшаларға қарағанда ең тиімдісі телефонның жадынан ешқандай орын алмайды. Telegram не үшін қажет? Оның тиімді жақтары мен ерекшеліктерін айта кетейін.

Telegram-дүние жүзіндегі пайдаланушылармен, соның ішінде жоғары сапалы дыбыстық қоңыраулармен желіде байланыс орнатуға қолайлы қосымша. Көлемі 1,5 ГБ аспайтын әртүрлі форматтағы файлдарды (фотосуреттер, аудио, видео және т.б) жіберуге болады. Автоматтандырылған көмекші-боттарды қолдануға  еш кедергі жоқ.

Telegram-ның тарихынан хабарыңыз бар ма? Telegram-"Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуровтың көмегімен жасалды. The New York Times журналында берген сұхбатында оның есігінің алдына қаруланған адамдар келгенде, 2011 жылы қосымшаны құрудың алғашқы идеясы келді. Дуров бірден өз ағасы Николайға хат жазды. Сол кезде ол ағасымен байланысудың қауіпсіз жолы жоқ екенін түсінді. 

Бұл  сервис ағасы Николаймен әзірленген MTProto хатын шифрлеу технологиялар негізінде құрастырылды. "Telegram-ның" өзі алғашында MTProto-ны үлкен жүктемелерде тексеру мақсатында Павелға тиесілі Digital Fortress компаниясының сынағы болатын. 2013 жылы 14 тамызда IOS платформасында бірінші клиенті пайда болды.

Қазіргі таңда жастар музыка тыңдауға әуес екенін мойындауымыз керек. Вконтакте қосымшасында  бастапқы уақытта  музыка тындау тегін болатын. Ал қазір тегін нәрсе жоқ дегендей, ақылы болып кеткен ғой шамасы. Смартфоны samsung жандардың құлақтарына алтын сырға vkmp3 қосымшасын play market-тен емес кәдімгі google бар ғой, мінекей содан жүктеп алсаңыз болады. Vkmp3-да тегін  музыка  тыңдай аласыз. Көбісі бұл программа жайлы біле бермейді.

Ал Iphone ұстайтындар адамдар ше? Жо-жо-жоқ өкінішке орай, Iphone-ға мұндай қосымша орнату мүмкін емес. Сол себепті  Telegram-ды пайдаланғаныңыз дұрыс болады. Смартфоныңыз samsung, Iphone, oppo, huawei болса да Telegram-да тегін музыка тыңдау қарастырылған.

Telegram боттарының саны күн санап артуда. Пайдалы әрі қызықты боттар өте көп. 2018 жылдың наурыз айының соңында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджердің 200 миллион пайдаланушысы бар және күн сайын тағы 700 мың адам қосылады деді. Тіпті бұл жағдайда, содан бері өткен 581 күнде аудитория тек 406 миллион пайдаланушыны қосып, қазір шамамен 600 миллион адамды құрады.


0 Пікір Кіру