Смартфон қандай жағдайларда жарылып кетуі мүмкін? - на tech.bugin.kz
Bugin.kz - на tech.bugin.kz Bugin.kz

Сарапшы пікір білдірді

Батареямен байланысты проблемалары бар кез келген смартфон жарылып кетуі мүмкін. Бұл туралы "Интеллектуальный Резерв" ресейлік компаниясының директоры Павел Мясоедов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы төтенше жағдайдың алдын алудың бірнеше жолын атады.

"Біріншіден, телефон қызып тұрған кезде оны қуаттау құрылғысына қоспаған жөн. Бұл ретте батарея бұзылады да телефон келесі жолы қызғанда жарылып кетуі мүмкін.

Екіншіден, смартфон суға тиіп кеткенде де оның жарылу қаупі бар. Сондықтан мұндай жағдайда телефонды бірден ауыстырған жөн", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол телефонды ұзақ уақыт қуаттаудың да қауіпті екенін айтады.

0 Пікір Кіру