Sony Walkman аудиоплеері - на tech.bugin.kz
Гүлдана Дәурен - на tech.bugin.kz Гүлдана Дәурен

Алғашқы сапалы музыкалық плеер туралы не білесіз?

Walkman – Sony компаниясы ұсынған танымал сауда белгісі. Бұл термин портативтік дыбыс құрылғысының жалпы атауы ретінде қолданылады. 1979 жылдың 1 шілдесінде алғаш рет «кассеталық плеер» түрінде сатылымға шыққан.

Walkman музыка тыңдау тәсілінде үлкен революция жасады. Адамдарға кез келген жерде әуезді әнмен бірге болуға, қалаған уақытында музыка тыңдауға, сөйте тұра қоршаған ортаға кедергі келтірмейтіндей теңдессіз мүмкіндік сыйлады.

Жалпы, Sony Walkman 3 маңызды сапаны біріктірген алғашқы музыкалық плеер болды. Олар:  портативтілік, пайдалану қарапайымдылығы және қолжетімділік. Компания алғаш рет магниттік лентасы бар шағын кассеталарды қолданып, ел есінде қалды. Алайда, қанша шағын болғанымен, оны қалтаға немесе сөмкеге салып жүру көп жағдайда қолайсыздық туғызды. Соның себебінен «қоғамдық ортадағы жеке әлем» деген пікір қалыптасып, жаңа құлаққаптар пайда бола бастады. Онымен қоса, дыбыс құрылғыларын қуаттайтын «АА-қуаттағышы» дүниеге келді. Sony компаниясы қуаттағышы бар аудиоплеерлердің 200 миллионнан астам данасын сатып, өз рекордтарын жаңартты.

2005 жылдан 2011 жылға дейін Walkman брендімен Sony Ericson ұялы телефондары шығарылды. Бірінші модель W800 алғаш рет 12 тамызда жарық көрді. Брендтің соңғы үлгісі WT19 смартфоны болды. 6 жыл көлеміндегі барлық үлгілер тамаша сатылым көрсеткішіне ие болып жүрді.

Walkman бренді өзінің WM12, WM1A, ZX300, WS620 секілді соңғы озық үлгідегі аудиоплеерлерімен қазіргі уақытта да әлем халықтарының назарын өзіне аударту үстінде.

 


0 Пікір Кіру