Маск армандаған Марс  - на tech.bugin.kz
Абай Тағыберген - на tech.bugin.kz Абай Тағыберген

100 жыл ішінде Марс планетасына қала салынады. Әлемді аузына қаратқан ғаламат жаңалық құр қиял ретінде қабылданып қоймады. Себебі қара құрлықтан шыққан филантроп Илон Маск Марсты толық бағындыруға көшті. Ол 2019 жылы Марсқа ракета ұшырамын деп жарты әлемге жаңалық жеткізді. Бұл бір адамның ғаламды төңкеріп, жаңалық жасай алатынын дәлелдеп отыр. Сондықтан, жұмыр басты пенде Илон Маскты ғажайып адамдардың тізіміне қосты. Ұшатын көлік шығару, өзге ғаламшарға қол созу идеясы тұтас қоғамды мойындатты. Демек, Маск әлемге жол салған тұлға

Маск пен Марсты нелер байланыстырады? Қара нәсілділер мекендеген құрлықтан шыққан Илонның бала кезден зымыран ұшыруға қабілеті болды ма?

Алдымен аз ғана өмірдерек. Рас, өнертапқыш Оңтүстік Африка республикасының Претория қаласында өмірге келген. Инженер мен модельдің отбасынан шыққан Илон бала кезінен компьютерге жақын болған деседі. Ең алғаш 10 жасында әкесіне ком­пью­терді қояр да қоймай алдыр­ған Илон Маск сатушының бұл компьютерді жарты жылда толық игеруге болады дегенін ол небәрі 3 тәулікте меңгеріп шыққан. Технологияға жақындық Илон Маск­ты ерекше кітаптарды оқуға жетеледі. Жексенбі сайын екі кітапты кеміріп, келешектегі ға­ламаттар хақындағы кітаптарды жата-жастана оқыған. Еркін отбасылық режимде өмір сүрген Илон 13-16 жас шамасында інісі Кимбалмен бірге Иохансбургке саяхаттап, ересек өмір сүруді бастап кетеді. Шет елде жүрсе де, пасха жұмыртқаларын бояп, жарылғыш заттар сатады. Тіпті ойын автоматтар залын ашып, алғашқы ақшаларын таба бастайды. Өз алдына қаржы табудың жолын тап­қан Илон Маск көкөніс өсіріп, астық жинады, ағаш тілетін зауытта да еңбек істеді. Тіпті қара жұ­мыс­тың ауырлығына қарамай за­уытта қазандық тазалайтын қызметті атқарды. Туннель ішін тазалап жүрген албырт жас Кингстон Корольдік университетіне оқуға түседі. Студент кезде оқи жүріп бизнесті зерттейді, шешендік өнер байқауларында бақ сынайды. Оның қабілеті Пенсильвания университетінің стипендиясын алуға жетелейді. Дәл осы университетте Илонның баламалы қуат көздеріне қызығып, қиялында жүрген шын­дықты нақ өмірге ендіруге ұмтылысы басталады. Күн бата­рея­ларын зерттейді, зымырандар мен ұшақтар ұшыру идеясына да қатты қызығады.

Өнертапқыштың әйгілі зымыран ұшыратын SpaceX және машина шығаратын Tesla Motors компанияларын шығаруына саяхат жасауы көп әсер етсе керек. Жазғы уақыттарын алып Американы зерт­теуге, интернет компания ашу­­ға, дәрігерлерге арналған онлайн желі жасауды қолға алады. Бос уақыттың бәрін Кремний алқабында өткізіп, тәжірибе толыстырады. Осы орта Илонның өнертапқыш ретінде көрініп, ешкімнің ойына қона қоймаған идеяларды іске асыр­уына себеп болады. Ол стартапшылардың әрекеттерін бақылап, сол ортаға түседі. Apple компанияларының өнертапқыштарының соңына ереді, жанында жүріп, технологияның тілін табуға тырысады. Ізденісі мен құмарлығы екі жыл ішінде оны жаңа стартап идеяны іске асыруға жетелейді. Илон інісімен бірге штаттағы бір аймаққа қажет онлайн реестр ашады. Реестр жақын жердегі пиццерияның қайда және қалай баруға анықтайтын мобильді бағдарлама. Ісі алға басқаннан кейін Илон интернет сауданы дамытуға арналған бағдарламалар әзірлейді. Алайда, көпшілік өнертапқыштың жобаларына күдікпен қарады. Қоғамның күмәнін сейілту үшін маркетингтің түрлі жолдарын табады. Ағайындылар компанияға zip2 атауын береді. Бірнеше уақыттан кейін ірі инвестициялық компания иелері Илонның жобасына қаржы құяды.

Интернет жобалардың қарқынын жалғаған Маск 2001 жылы Confinity компаниясымен серіктестік ретінде PayPal төлем жүйелерін ойлап шығарады. Бүгінде сау­да жасау, өзге де коммерциялық қызметтегі ақы төлеудің жүйесі PayPal әлемдік нарыққа дендеп енді. Тура осы жобалардан кейін Илонның қалтасы қалыңдады. Қар­­жылық тәуелсіздігі артты. Ол бала кезден армандайтын күн энергиясы мен ғарышты зерттеуге арнал­ған жобаларына қаржы тапты. Илон Маск дайын зымырандарды сатып алуды қолай көр­мей­ді. Себебі зымыран бағасы оның қалтасына әжептеуір салмақ салатын. Істі бастауда Илон ұзақ мер­зім­де қолдануға болатын ғарыш аппаратын сатып алады. Ғарыш кемесі арқылы Жер орбитасына жеткізіп, ғарышты зерттейді.

Ғарыш әлеміне ену арқылы адам­затқа пайда әкелуді Илон былай деп түсіндіреді: "Маған әлемді өзгертетін жобаларға қатысқан ұнайды. Қалай болған күнде де интернет пен ғарыш әлемді өзгертеді. Егер адамзат баласы жер шарының аумағынан шыға алса, оның болашағы да сонда болмақ". Түбірін қа­зып ойласа, ғарышты игеру талай жылғы ғалымдардың ізденісімен келуі керек. Оған мемлекеттік сая­сат қабылданып, қыруар қаржы да бөлінуі тиіс. Бірақ Илон Марсқа жа­қындаудың, планетаға көлік ұшырудың қарапайым тәсілі физиканың ережесінде жатыр дейді.

Илон Масктың ғарышқа зымыран ұшыратын SpaceX компаниясы зымыранды ғарышқа ұшып барып, қайтып келетін мүмкіндікке ие. Ал, Tesla Motors машина жасайтын компаниясы жанармаймен емес, электр тоғымен жүреді. Күн энергиясын қолжетімді ететін Solarcity компаниясы электр тоғын күннен алады. Әрбір жобасы тек өзіне қаржылық дербестік ғана емес, адамзаттың дамуына күш салады.

Масктың "жасанды интеллект адам баласына ғана емес, бүкіл өркениетке қауіп төндіреді. Сондықтан жасанды интеллекттің қа­уіпсіздігін көбірек зерттеу аса маңызды" деп есептеуі оның есімін шартарапқа әйгілі етті. Қазір Илон басқаратын компания Марсқа ракета ұшырудың ісін бастады. Ал, 100 жыл ішінде Марстан қала салып, сол арқылы ғаламшарда да өмір сүрудің тетігін табу бүгінгі филантроптың бас көтерместен іске бе­ріліп, нәтижеге бір қадам жақындай түсуіне жол салып тұрғандай.


0 Пікір Кіру