Фантастикалық фильмдердің астарында біз білмейтін ақиқат жатуы мүмкін - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Жасанды сана: Бізді дайындап жатқан жоқ па?

Жасанды интеллект – адамзат баласының дамуындағы соңғы сатылардың бірі. Себебі, адам жасай алмағанды робот жасайды. Олар моральдық және физикалық тұрғыда төзімді, өзінше ойлау қабілетіне ие, адамның ойлау шегінен тыс өмір сүруге бағытталған технологиялық жетістік.

ХХІ ғасыр есігін ашқаннан дейін жасанды интеллект туралы түсінік философияда, мифтер мен қазақ ертегілерінде, қиял-ғажайып әңгімелерінде кездесті. Сенбейсіз бе? Неге мүйізді аттар болды деуге сенім артпасқа? Шындығында, бізге дейін қанша ма мың ғасыр бұрын өмір сүрген динозаврлардың да мүйіздісі, қанатты болған жоқ па. Яғни, қанатты пырақ, мүйізді ақ боз ат деген түсінік тегіне сонау антикалық дәуірде болған шынайы құбылыстардың кейінге фантастикалық түсінік ретінде жеткен бір образ. Анығында образ да емес, шынайы әрі нақты көрсеткіш.

Кез келген елдің миф не қиял-ғажайып әңгімелерінің бір-біріне ұқсап келуі қалыпты үрдіс болар. Алайда, неге сол түсінікке басқа жағынан қарап көрмеске? Бәріне ортағы: қанатты аттар, қанаты жанатын құстар немесе бір жерден бір жерге жылдам жететін магиялық күшке ие кейіпкерлер. Бұл классикалық емес қиялдың ұшқыны Еуропада да, Шығыстада да, жалпы жер бетіндегі кез келген халықтың өткен мифтерінде көрініс берді. Тек әркім өзінің табиғатына тән кейіпкермен беттесті, танысты.

ХХІ ғасыр осыған дейін болған мифтердің бәрін шындыққа айналдырып жатыр. Байқайсыз ба, кейінгі көрерменге жол тартқан шетелдік фильмдердің бәрі роботтандырылған өмірге және жасанды интеллектке алып келеді. 2008 жылы жарық көрген «Валл-и» мультфильмін қазір бастан кешіп жатырмыз. Далаға шықпай онлай тапсырыс береміз, үйден алыстамай такси шақырамыз, тамақты да бара-бара адам емес, роботтандырылған құрылғылар жасап жатыр. Арада 10 жылдан астам уақыт ішінде біз тек Валл-и деңгейіне жеткенге таң қалып жүрміз. Ал одан кейінгі 10 жылдықтың бейнесін көргендейміз. Қайдан?

«Веном» мен «Апгрейд» дейтін қос бірдей фильм жарық көрді. Екеуі де 2018 жылы түсірілген фильм. Екеуі де жасанды сананың қайда апаратынын, қолынан не келетінін анық көрсетіп берді. Тек біз көрермен экран ар жағындағы болған шынайы оқиғадан бейхабармыз. Тек білетінміз, «болашақта болатын құбылыстар ғой» деп жылы жауып қоя саламыз.

Шындығында, осы түсірілген фильмдер болашақты болжауға емес, дәл қазір иек астында болып жатқан оқиғаны көрсетіп берген жоқ па? Бізге беймәлім жер бетінде дәл осындай қабілетке ие жасанды саналар өмір сүріп жатқан болар. Анығында, бізді тек осы жасанды сананың иелерімен бетпе-бет келуге дайындап жатса ше?

Біз білетін саясат, мәдениет, өзара күрес, әлемдегі байлар, не керек ауыз ашып таң қалып жүрген талай кереметіміздің бәрі бір-ақ күнде түкке тұрмайтын түсінік болып шықса таң қалмаңыз... Себебі, жасанды интеллект жоғарыда айтып өткеніміздей, адам миының құдіретіне жете алмас, алайда асып түссе үрей мен үміт сол кезде басталады.

Өмірдің өзі жаратқанның жазған сценарийі деп қарастыратын болсақ, біз өмір сүріп жатқан осы қоғамның, осы тіршіліктің сценарийін жасанды сананы меңгерген тіпті соған бағынып отырған адам басқаратын болар, кім білсін. Біздікі болжам. 

Жаратушы адамға шексіз ойлау қабілетін берген жоқ. Оған дәлел біз өлгенде ғана құдайды тани аламыз. Оған дейін ол туралы тек сенім мен үміт өмір сүреді. Ендеше, рамка ішіндегі адамның миы белгілі бір жерден сәуле тауып, соған ұмтылу жолында ақылға қонбайтын ғылыми жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін.

Фантастикалық фильмдерде болатын қалалар, көліктер, адамдар, тіпті роботтар ешқандай ойдан алынған, режиссердің қиялына негіз болған оқиғалар емес. Бәрі де өмірде бар және содан алынған бейнелер. Тек шынайы өмірдегі белгілерін біз әлі көре алмай отырмыз. Тек күдік бар.

Мына бір болжамға назар аударыңыз:

Ғаламшарлық немесе өзге ғаламнан келеді деген түсінік жоқ болуы да мүмкін. Анығы, олар біздің арамызда. Біз тек оларды сырттан келген деп қабылдауға үйреніп жатқан жаратылыспыз. Соңғы шыққан технологиялардың иесі – адам. Ал осындай ойлауғ қабілетіне жеткілікті деңгейде ие болған ғалымдардан неге одан да үлкенін, биігін көрмеске?!

Сіз көріп жүрген фантастикалық фильмдердің кейіпкерлерімен бетпе-бет кездесуге дайынсыз ба?

0 Пікір Кіру