Bluetooth белгісінің шығу тарихын білесіз бе? - на tech.bugin.kz
Балерке - на tech.bugin.kz Балерке

Сымсыз байланыс

1994 жылы Л.М.Эриксон компаниясы мобильдік телефондар және басқа  құрылғылар арасындағы сымсыз байланыс мәселесіне қызығушылық танытып, сол құрылғылар арасын сымсыз байланыс арқылы біріктіруді ойластырады. Осылайша 1998 жылы IBM, Intel, Nokia, Toshiba, Ericsson компанияларын біріктірген Bluetooth SIG арнайы тобы жасақталды.

Олар есептеу және байланыс құрылғылары арасындағы сымсыз байланыс стандартын дамыту және кішігірім радиуста әрекет ететін, арзан, азуатты радиоқұрылғыларды пайдаланатын аксессуарларды құрастырумен айналыса бастады. Жоба, Дания мен Норвегияны біріктірген викингтердің ұлы ханы Гаральд Синий Зубтың құрметіне Bluetooth деп аталды. 

 Bluetooth термині ағылшын тілінен аударғанда «Blatand», яғни «көк тісті» деген мағынаны білдіреді. Халық патшаның алдыңғы тісі қара болғандықтан, оны Harald Blatand деп атаған. Негізінен «Bla» сөзі скандинавия халықтарының тілінен аударғанда «көк» түсті, ал викингтерде «қара» түсті білдірген. Гаральд патша Норвегия мен Данияға билік жүргізіп, екі елдің басын біріктірген. Байқасаңыз, Bluetooth құрылғысының жұмысы да соған ұқсас, ол да екі құрылғыны біріктіреді. Бір қызығы басында Bluetooth сөзі тек жобаның коды болған екен. Кейіннен осы сөз бүкіл әлемге таралып кетті.

 Осылайша, Bluetooth 1.0 1999 жылдың шілде айында жарыққа шығады, содан бері SIG еш уақытта артына қарайлаған емес. Осы уақытқа дейін көптеген тұтынушылық электронды құрылғылар мобильдік телефон мен ноутбуктерден бастап, құлаққаптар, принтерлер, пернетақталар, тышқан қолтетігі, ойын қосымшалары, сағаттар, аудиоплеерлер, навигациялық құрылғылар Bluetooth-ды пайдаланып келеді. Bluetooth хаттамалары бұл құрылғыларға бір-бірін тауып, түйіндестіру деп аталатын әрекет көмегімен байланысып, сенімді деректер тасымалдауға мүмкіндік береді. 

0 Пікір Кіру