Адамның қол еңбегі керек болмай қала ма? - на tech.bugin.kz
Абай Тағыберген - на tech.bugin.kz Абай Тағыберген

Әлемде болатын өзгеріс

Бұрын "қауіп қайдан келеді?" деп жан-жаққа алаңдайтын қоғам енді уақыттың талабынан туындайтын ақпараттық тасқынға қарсы төтеп бере алмай келеді. Себебі күн сайын, тіпті сағат сайын өзгерген жаңа дүниелер ескіні ығыстырып, жаңаға орын беруде. Көп жұрттың құлағын елең еткізіп, білім жолына бас қатырып жүрген жандардың пікірін екіге жарған бір мәселе бар. 

Ол келешекте адамның қол еңбегінің керек болмай, жұмыс күшін роботтардың алмастыратыны. Бұл құр айтылған сөз болып көрінуі мүмкін, дегенмен әлем ақылдылары бір алаңда топтасып, дәл осы тақырып аясында ой білдіріп, керек десеңіз, келешекке көзқарастарын анық дәлелдейтін ойларын ортаға салып жатыр. Технологиялардың тілін тапқан Жапония мен Корея робототехника бағытында қара үзіп, қоғам игілігіне бағыттап барады. Кез келген саладағы қызметті біркісідей атқаратын ақылды роботтардың тіршілігіне қарап көп адам қызыға қарайтыны рас, бірақ бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігін айы¬рып барады. Себебі әлем ақпарат-тық технологияға мықтап енді. Әйткенмен роботтардың да қарым-қабілеті жете бермейтін дүниелер де аз емес. Мұны "Global Challenges Summit 2018" Астана экономикалық форумында шетелден келген ғалым, сарапшылар дәлелдеп берген еді.

Иә, шетелде халықаралық Давос форумы ұйымдасты­ры­ла­ды. Мақсат - жаңа трендтер дәуі­рінде адамзат тіршілігіне енген жа­ңа­лықтарды қоғамға қабылдату әрі болашақ 5-10 жылдағы өзге­ріс­терге дайын болу. Әйгілі эко­но­мист Клаус Шваб осы форумда көтерілген мәселелерден ой қо­рыта келе "Төр­тінші өнеркәсіптік революция" атты кітабын шыға­рып, онда 3D басу, робототех­ни­ка, жүргізушісіз автокө­ліктер, на­нотехнологиялар, жасанды ин­тел­лект сынды жаңа дәуірдің жа­ңа трендтері есік қағып тұр­ғанын ашып жазады. Міне, бұл еңбек "100 жаңа оқулық" аясында алғаш­қы болып қазақ тіліне аударылды.Давос форумы секілді Астанада да жыл сайын экономи­ка­лық форум өтеді. Биылғы фо­рум­ға әйгілі 24 елден келген ха­лықаралық сарап­шы­­лар мен 450-ден астам спи­кер­лер шақырыл­ған. Олардың қата­рын­да "Apple", "Яндекс" компа­ния­сының негізін қалаған аза­мат­тар, футу­ро­лог, физиктер мен белді экономистер бар. Біз де ға­лымдар мен сарап­шы­лардың фо­рум­дағы тікелей транс­ля­ция­лар мен респуб­ли­калық басы­лым­дарға берген сұх­бат­тарын негіз­ге ала отырып, әлем­ді күтіп тұрған жа­ңа құбы­лыс­тардың бірне­ше­уіне тоқ­талдық.

РОБОТТАР ДА ҚАУҚАРСЫЗ

Технологияның аты техно­ло­гия. Бір емес, бірнеше адам­ның еңбегін атқара алатын уа­қыт­пен санаспай қызмет ететін роботтар­дың қанша жүйрік бол­ғанымен, оның адам орнын ба­сып қалуы екі­талай. Фу­туролог, физик-тео­ре­тик Митио Каку «ро­боттар зият­керлік ка­пи­тал мен инно­ва­циялық-шы­ғар­ма­шылық жұмыс­тар­ды алмас­тыра алмай­ды» дейді.

- Біле білсек, роботтар көп­те­ген элементарлық дүниелерді білмейді. Әлі күнге дейін 5 жа­сар баланың интеллектісін ал­мас­­тыратын бағдарлама жоқ. Мә­селен, әлеуметтік, отбасылық қарым-қатынастардан бейхабар. Олар қарапайым үстелді тани ал­майды, төртбұрыш пен үшбұ­рышты сызып, аумақты өлшей ал­майды. Жақын болашақта ро­боттар қоқысты жинап, маши­наға тией алмайды. Ауыр жұ­мыс­­тарды алмастыруы мүмкін, бірақ оған көптеген онжыл­дық­тар керек, - деген Митио Каку.

Бүгінде сақа саясаткерлер ес­кі мамандықтардың жойылып ке­тетінін айтудын жалықпайды. Әйткенмен футуролог бұл бол­жаммен келіспейді. Оның ойын­­ша, қоғаммен байланыс ор­­нататын полиция, кримина­листика, сот, оқытушы, инно­ва­циялық мамандықтарға робот­тардың әлі жетпейтінін жасыр­майды. Себебі роботтар зияткер­лік қабілетке келгенде қауқар­сыздық танытады. Мұны Митио былай деп түсіндірді:

- Мәселен, робот мені - про­фес­сорды алмастыра ала ма? Профессор-робот студенттің қа­ра­пайым жоспарын түзей ал­майды. Студентке тікелей қа­рым-қатынас жасай алатын же­текші керек, адам керек. Поли­ция да қылмыскердің дүние­та­ны­мымен жұмыс істейді және бұл роботтың қолынан келмей­ді. Ро­боттар ән жаза алмайды, жетекші болып, тиімді шешім қабылдай алмайды. Сондықтан, роботтар - адам өміріндегі кө­мекші құрал ғана, ал адамдар роботтар алмас­тыра алмайтын біліктілігі жоғары мамандық­тар­ға бейімделгені жөн. Алдағы он­жыл­дықта еңбек нарығында адами капитал әлі керек, - дейді М.Каку.

АДАМ АҒЗАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДҮКЕН АШЫЛАДЫ

Кейде келешектің бол­жа­мы көзге тек қиял болып көрінуі мүмкін. Алайда, ға­лым-сарапшылар қоғам адамзат дамуындағы бұрын-соңды болмаған жетістік­тер­ден қашып құтыла алмай­тын­дығын айтуда. Соның бірі - медицинадағы револю­циялар. Форумда Митио Каку келешекте адам ағзала­рын сататын дүкен ашылады деп көптің құлағын елең еткізді. Футуролог "бұл үшін кемі 30 жыл керек екенін әрі кез келген адам дене мүшелерін ауыстыра алады" дейді.

- Біз қазірдің өзінде жа­сан­ды тері, көз, мұрын жа­сап жатырмыз. Келесі ға­сыр­да барлық мүшелер зерт­ханада өсіріледі. Келесі мүше біздің бауырымыз болады. Адам бауыры зертханаларда өсіріле бастайды. Сондай-ақ, кез келген тілді аударатын көз линзалары жасалады. Мұн­дай көзге тағатын линза­ны ең бірінші соңғы емтихан тапсыратын студенттер са­тып алады. Олар көзін ашқан кезде линзадан өзіне қойыл­ған сұрақтың барлық жауа­бын көреді. Адамдар линза­дан өзге адамдардың айтқан сөздерінің аудармасын көре­ді,- дейді М.Каку.

АДАМ ӨМІРІН 200-500 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҰЗАРТУҒА БОЛАДЫ

Хайфа университетінің профессоры, ғалым Гил Ацмон да "алдағы 10-20 жылда адамдар ең кемі 120 жыл өмір сүре алады" дейді. Зерттеу қорытындысын алға тартқан ол ғылымдағы жаңалықтар­дың әсерінен адамның өмір сүру жасын 200-500 жылға дейін ұзартуға болатынын айтады. Ең қызығы, ғалым «ұзақ өмір сүретіндердің денін 70 жыл ішімдік ішіп, темекі шегетіндер құрайды» дегенді алға тартыпты.

- Жыл сайын әлем халқы­ның өмір сүру ұзақтығы 2-3 айға ұзарып келеді. Осы жылы дүние есігін ашқан балалар үшін 100 жыл өмір сүру қа­лыпты болуы мүмкін. Ішімдік не шылым шегетіндердің арнайы диетасы жоқ, бірақ артық салмақтары бар. Олардың ұзақ өмір сүруіне генетика да әсер етуі мүмкін,-дейді Гил Ацмон.

Ұзақ жасауды кім қала­майды дейсіз. Форумда бұл сұрақ спикерге тікелей қойыл­ды. Израильдік ғалым "алдағы күндері адам­ның ұзақ өмір сүру деңгейін қалай ұзарта ала­мыз?" деген сұраққа былай деп жауап қайырыпты.

- Адамның жеке экономи­касын қолда­намыз, бұлшық еттер инженериясы, жасуша­ларды өзгерту, нанотехноло­гиялар бар. Яғни, адам ағзасы­на кішкентай роботтар енгі­зіліп, қажетсіз жасушыларды алмастырып отырады. Адам­ның тұтас денесін алмастыра алады және 200 жастағы дені сау адамды қоғамға  қайтара аламыз.

3 күнге созылған Астана экономикалық форумы 11 жаһандық мәселені бір алаңда тал­қылауға мүмкіндік берді. Айталық, бірыңғай экономи­калық әлем, жаһандық стра­тегия әлемі, ресурстар әлемі, жаңа таза энергия әлемі, ұзақ жасау әлемі, болашақтағы ақша әлемі, жаңа қауіпсіздік әлемі, жаңа адамзат әлемі, қалалар әлемі, сингапурлық және цифр­лық әлем сынды бағыттарды интеллек­т­уал­дық элита өкілдері талқылады.

Қысқасы, әлем жаңа ке­зеңдерді күтіп тұр. Сарап­шылардың ойын бір арнаға жинай келе, түйгеніміз мынау. Қазір технология қарқыны қатты. Адамдар бір мамандық­пен шектеліп қалмауы керек. Әрі жаңа дүниелерді игеруде тілді меңгеру, әрі цифрлан­дырудың игілігін тек биліктің есебіне ғана емес, әрбір қазақ­тың келешегіне жұмыс істеуі керек. Ал, ең бастысы - отан­дық ғылымды ілгерілету. Бі­рақ, ғалым­дары айлап айлық ала алмай, ғылымға бөлі­нетін мемлекеттік гранттарды бөлу­дегі ала-құла жағдайы бар Қазақстан үшін бұл қазір шеші­­мін таба алуы екіұшты ой қалдырады. 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

0 Пікір Кіру