Биылғы жылдың бренд аяқ киімі - на tech.bugin.kz
Нурсулу Темирхановна - на tech.bugin.kz Нурсулу Темирхановна

"Nike" компаниясы тоқпен жұмыс жасайтын "Nike Adapt BB" аяқ киімін көпшілікке ұсынды

Әлемдік әйгілі "Nike” компаниясы баскетбол ойынына арналған тоқпен жұмыс жасайтын "Nike Adapt BB" аяқ киімін көпшілікке ұсынды. Көпшілігімізге тоқпен аяқ киім деген таңсық көрінуі мүмкін, бірақ бұл компанияның биылғы алғашқы тоқпен жұмыс жасайтын бренд топтамасы. 

Спорттық аяқ киімді қуаттандыру үшін 505 мАч батареясы қолданылады. Бір рет толық зарядтап алған соң 10-20 күн аралығында киюге жарамды. Сонымен қатар, бұл спорт аяқ киімінің бір ерекшелігі – адамның аяғының өлшеміне байланысты өзгеріп отырады, яғни аяқ киімді арнайы түйме батырмаларының көмегімен кішірейтіп, үлкейте аламыз. Спорттық аяқ киімді іске қосу үшін, аяқ киімдегі түймелерді немесе Nike Adapt мобильді қосымшасын пайдалану қажет. 

Спорт саласында сұранысы жоғары бренд аяқ киімнің құны 350$ құрайды. Қазіргі таңда Американың көптеген сауда үйлеріне сатылымға шықты.

0 Пікір Кіру