Space X сарапшысы қазақ балаларының жобаларына қызығып отыр - на tech.bugin.kz
Абай Тағыберген - на tech.bugin.kz Абай Тағыберген

Ғарыш әлемі

Ғарыш әлеміне кез келген адам қызыға бермейді. Себебі ғылымның ең ауыр жолы саналатын ғарыш бағыты терең білімді қажет етеді. Ғарыштағы ғылыми ашылулар адамзаттың жаңа дүниелерді игеруіне жол ашады. Оның жарқын дәлелі - Илон Масктың Марсқа ракета ұшырып, қала саламын деген идеясы. Әлемге әйгілі Space X компаниясы қазірдің өзінде түрлі ғылыми жаңалықтарды сынап көруде. Себебі Марсқа жетудің жолын қысқарту үшін сан мыңдаған жобаларды тәжірибеден өткізіп көру керек. Бұл үшін ғылыми ізденіс аса қажет. Енді қазақ балалары да Марсты колонизациялаудың тиімді тәсілдеріне арналған ғылыми жобаларды дүниеге әкелуде. Дарынды жастардың идеясына қолдау білдіру үшін Назарбаев зияткерлік мектебі "Ғарыш.Ғылым.Интеллект" тақырыбында республикалық Наурыз кездесулерін ұйымдастырды.

Іс-шара оқушылардың Байқоңыр ғарыш станциясында ғарыш зымыранының ұшуын өз көздерімен тамашалауынан бастау алып, үздік идеяларын қорғаумен жалғасты. Басқосуға ға­рышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов арнайы шақырылды. Сонымен бірге NASA-ның ғылыми зерттеушіcі Ұлыбританиядан келген Правин Пратапан мен SpaceX ғарыш сарапшысы Майкл Лутомски та­лант­ты жастардың тың жобаларымен танысты.

Республикалық шара болғандықтан, Сыр елінде Назарбаев зият­керлік мектебінің аймақтардағы оқушылары жиналды. Ақтөбедегі зияткерлік мектептің оқу­шы­ла­ры көрермендерді "NIS Station" ғарыш станциясына шақырып, "NIS Space Explorers" әуе кемесін қондыру арқылы ғылыми жобалар байқауының басталғандығын хабарлады.

Келешек ғалым болатын жастардың жобалары әралуан. Әуеға­рыш инженерия саласының ең өзек­ті мәселелерін қозғайтын 80-нен аса ғылыми жобалар таныстырылды. Олардың ішінде - аспан денелері мен ғарыш аппараттарының 3D моделі, орбита станция жобалары, әмбебап борт құрылғы­лары, көп­функционалды зымырандар, ғарыш ассисстентінің прототипі және лазер энергиясы мен толықтырылған шынайылық сынды инновациялық технологияларды қолдану сынды бағыттары бар.

Жыл сайын өтетін Наурыз кездесулерінің тақырыптық ауқымы кең. Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ басқарма басшысының мінде­тін атқарушы Светлана Испусинова қа­зақ жастарының ғылыми жобаларын

- Биылғы тақырыптың ғарыш саласына арналуы бекер емес. Себебі бүгінгі таңда ғарыш тақырыбын зерт­­теу әлемдік деңгейде өте маңызды. Сол үшін біз NASA, SpaceX сынды әлемдік ғарышпен айналысатын ғалымдарды шақырдық.        Бұдан бө­лек, Еуропадағы ға­рышкерлерді даярлайтын орталықтың ғылыми қызметкерлері кел­ді. Балалар қолдағы бар құрылғылардың көмегімен зымырандар дайындады. Олар жобаларды негізгі фундаменталды ғы­лым­­дардың бірігуі арқылы ізденді. Негізі жобаларға халықаралық ІТ университеттері 8 грант ұсынып отыр. Бас жүлде ал­ған оқушылар те­гін оқуға мүм­кіндік алады,-дейді Светлана     Испусинова.

Сырттан келген сарапшылар зият­керлік мектептің оқушыларының жобаларына қызығып отыр. Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясында ғарыш сарапшысы ре­тін­де қызмет ететін Майкл Лутомски ғылыми ізденіске ден қойған жас­тар бірден SpaceX-ке емес NASA ком­паниясының тәжірибесін көруі керек дейді. Себебі ға­рыш саласының бүге-шүгесіне де­йін, ғылыми ашы­лулар сонда оқы­тылады. Ал, SpaceX таза коммер­ция­лық бағыттағы практикалық жұмыстарды атқарады деп жауап қайырды.

- Мен 20 жыл NASA-да және 6 жыл АҚШ-тың SpaceX ғарыш жү­йелерінің қауіпсіздігі мен сенім­ді­лігі жөніндегі директоры болып қызмет атқардым, алайда пилотты кора­б­лі­нің ұшырымын алғаш рет көріп отырмын. Мен Қа­зақстан оқушыларының ғылыми ізденіс­терін жоғары бағалаймын. Талаптары, идеялары жақсы,-дейді Майкл Лутомски.

NASA халықаралық компаниясынан келген Правин Пратапан ғылыми жобалардың нәтижелілігін көру үшін кемінде 10-20 жыл уақыт кетіп қалады дейді.

Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зият­керлік мектебінің 11-сынып оқушысы Альнур Акчурин "Агрогель - ға­рышта өсімдік өсіру жо­лы" тақырыбындағы ғы­лы­ми жобасын ұсынып қазылар алқасын таңқалдырды. Ол егінге қо­лайсыз кез келген топырақты қарашірікке айналдыру қабі­леті бар агрогель сұйықтығын ұсын­ды. Альнурдың айтуынша, бұл сұйықтық арқылы өсімдік өспейтін планеталарда егін шығаруға болады. Альнур аталған жобамен екі жарым жылдан бері айналысып жүр. Қазіргі таңда ол "Ядролы технологиялар паркінің" серіктестігімен қызықты эксперименттер жүргізіп жатыр.

Жас ғалымдардың IX Наурыз кез­десулері барысында зымыран құ­растыру мен зерттеуге арналған құ­рылғылар - телескоп, VR-көзіл­ді­рік пен планер, парашюттерді да­й­ындау бойынша шеберлік сағаттарымен аяқталды.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

0 Пікір Кіру