NASA соңғы үлгідегі ұшақ қанаттарын құрастырып шықты  - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Жеңіл әрі арзан

Қараған көзге ұшақтың қанаты қарапайым жолмен ғана жасалып, оңай ұшатын секілді көрінеді. Алайда, бәрі сіз бен біз ойлағандай емес. Ұшақ қанатының ішкі құрылымы өте күрделі. Оның жалғамалы сым-тетіктері, ашылып-жабылу механизмін басқаратын қозғаушы күші және басқа да механикалық элементтері бар. Тіпті дәл осы күрделі жұмыстың нәтижесі де ұшақтың құнын көтеріп жібереді. Сол үшін Халықаралық NASA агенттігі Массачусет техника институтымен бірігіп қарапайым және арзанға түсетін ұшақ қанатын ойлап тапты.


Жаңа заманның қанаты деп таныстырылған бұл ұшақ қанаттары мыңдаған ұшбұрыштардан және бос кеңістіктен тұрады. Жеңіл әрі қолайлы демформация арқылы қанат мотор күшін қажет етпейді, ол енді өз еркімен аэродинамикалық қысымның өзгерісіне қарай бағытталып отырады. Қанат өзіне түскен күш пен салмақты барынша дұрыс басқару үшін ғалымдар үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасады.

Жеңіл әрі өте ыңғайлы өнімдерден жасалған бұл қанат, басқа қанаттар секілді ауыр металдардан құралмаған. Сондықтан болар, бұл барынша аз энергия құрып, ұшақ үшін үлкен септігін тигізеді. Элерон секілді басқа да бағыт анықтайтын элементтерден бас тартқан бұл ұшақ қанатының бағасы да арзан болады.

Қазіргі таңда бұл қанаттар сынақтан өтті. Қалай ойлайсыз, ұшақтар үшін бұл қанаттар қауіпсіз бе?

0 Пікір Кіру