5 G буыны Қазақстанға қашан келмек? - на tech.bugin.kz
Қазақ журналист - на tech.bugin.kz Қазақ журналист

5 G-дің қандай мүмкіндіктері бар?

5G (IMT2020/5G) – мобильді байланыстың бесінші буыны,және қолданыстағы 4G/IMT-Advanced-ті алмастырушы, телекоммуникациялар саласының стандарттарына толықтай сәйкес келетін жаңа буын.

5G технологиясы 4G-мен салыстырғанда өзінің өткізу қабілеттілігінің жоғарылығымен,сонымен қатар жоғары жылдамдықты интернетпен,смартфондардағы қуатты үнемдеу мүмкіншілігіне ие. Сондай-ақ ауқымды ақпаратттарды, үлкен көлемді файлдар мен медиафайлдарды жүктеу кезіндегі кідірістерді (задержка) мейлінше жою. Ал интернет жылдамдығы 1,5 -2 Гбит/с-ты құрайды.

Тиімділігі:

•Байланыс сапасы

•Өткізу қабілетінің жоғарылылығы (1 Гбит/с)

•Бір мезеттегі орташа қосылым саны 1 млн.адам/км2

•Ақпарат алмасудағы кідіріс 1 мс-қа дейін азаюы

•Адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігі

•Байланыс тарифтерінің арзандауы

Жалпы 5G технологиясы қарапайым қолданушыдан бастап,үлкенді-кішілі бизнес-аудиториялармен,ірі кәсіпорындардың,мемлекеттік мекемелердегі бақылаумен медиаресурстардағы хабарламалармен дәл қазіргі уақыттағы байланыс т.б секторларда үлкен қолданысқа ие болады.

5G технологиясын тестілеу барысында Ресей аумағында оның орташа жылдамдығы 25 Гбит/с- тан 35 Гбит/с-қа дейін жеткен.

Ал қазақстан аумағына шамамен 2019 жылы ең алдымен бұл жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау сынды қалаларда пилоттық жоба ретінде еніп,сонан соң тұрғыны 50 мыңнан асатын ауыл-аймақтарда тестілеуден өткізіледі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев кең шолақты қолжетімділікпен LTE технологиялары арқылы 2 жоба арқылы 2021 жылға дейін тұрғындары 50 мыңнан адамнан жоғары елді-мекендерге бұл технологияны жеткізуді жоспарлап отырғандығын, сонымен қатар ауылмен қала арасындағы цифрлы теңсіздікті жоюға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстан аумағы толықтай 5G жоғары жылдамдықты интернетпен толықтай қамтамасыз етілетінін атап айтты.

0 Пікір Кіру